Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 10

1-бөлім: Өзгертілген командалық ойын

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулов А.А.

Сыныбы: 5 сынып

Қатысқан оқушы

саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.5.5 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Оқу бағдарламасына сілтеме:

1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

 Сабақ мақсаттары:

1. Ойындағы тактикалық әрекеттерді бекіту.

2. Оқушыларға оқу-жаттығуда тактикалық әрекеттерді қолдануға үйрету

 Жетістік критерийлері:

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • тактика;
  • стратегия;
  • алдату қозғалыстары;
  • допты қуу;
  • доп диагоналмен жалғанады.

 Құндылықтарды дарыту:

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

 Пән аралық байланыс:

Бұл сабақ биология пәнімен байланыстырылады.

 Акт қолдану:

Ғаламтор ресурстарын қолдану, мобильді тақта арқылы таныстырылым, видеоролик көрсету.

Бастапқы білім:

Оқушылар доптарды лақтыру мен оның орындалу техникасы туралы біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды:

-жүру, жүгіру жаттығулары;

-демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен жүріп созылу жаттығуларын жасау,

Бір орындағы құрал-саймансыз ЖДЖ кешенін жасау

Негізгі бөлімге кіріспес бұрын мұғалім видеоүзінді көруге шақырады: «Тактика. Обучающее видео»

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық.

Қауіпсіздік ереже журналы.

Мобильді (интерактивті) тақта.

https://www.youtube.com/watch?v=dXghtKXXmvc

Сабақтың ортасы:

30 мин

Мұғалім оқушылардың есіне допты жалғау, ұстап алу, тоқтау, орын ауыстыру және ҚЕ туралы салады.

«Тактика» термині туралы білімді бекіту үшін таныстырылым қаралады.

(Б, Т). «Доп үшін тартыс».

Бес адамнан жасақталған екі команда баскетбол алаңында ерікті жағдайда орналасады. Бір команданың ойыншылары допты бір-бірлеріне жалғай отырып ұзақ уақытқа дейін қарсыластарына бермей сақтап қалуға тырысады, ал, екінші команданың ойыншылары аз уақыт ішінде допты тартып алулары керек және бірінші команда секілді допқа ұзақ уақытқа иелік етуге тырысады. Ойыншылар бір-бірлерінен алшақ тұруы керек, алаңның бос дерлеріне жүріп шығуға және қарсылас ойыншылар допқа иелік еткенде оларды жабуларына болады. Алайда, ойыншыларға белгілі бір аймаққа иелік ету ұсынылады. Бес минут ішінде көп жалғаулар жасаған команда жеңіске жетеді. Келесі ойын баскетбол ережесімен жалғасады, тек, доп шығыршыққа тастау мен айып алаңындағы ойын болмайды. Бұл ойында қарсыластан допты ұру арқылы тартып алуға болмайды, доппен бір орында қарсылас бір метрге дин жақындап келгенше тұруға болады. Дөрекі ойын орын жағдайда доп қарсы командаға өтеді. Жетекші есепті әркез дауыстап айтып тұрады.

Ойын соңында мұғалім оқушылармен ойын туралы сұхбат жүргізеді.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. оқушылар ойын кезінде дұрыс ашылу жолын біледі;

2. оқушылар көбірек дұрыс допты жалғаулар жасайды.

, Т, Тәж.) «Алшақтау» ойыны.

Ойыншылар саны 4тен 8ге дейін болады. Ойыншылар рет бойынша саналады және ойын соңына дейін сол номерде қалады, барлығы ортаңғы сызыққа 2-3 адым қашықтықта қарсы қарап тұрады. Допты алып жүруші ойыншы барлығының артына орналасады. Допты алып жүруші допты шығыршыққа лақтырады, доп ең биікке ұзаған кезде бір нөмірді дауыстап айтады сол нөмірге ие оқушы до перге түскенге дейін допты қағып алуы керек, қағып алған допты тізіліп тұрған ойыншыларға лақтырады доп кімге тисе сол допты алып жүруші болады, саптағы оқушылар допты тигізбес үшін қарсы алаңға қашып өтулері керек. Егер допты қағып алушы допты ешкімге тигізе алмаса онда ол допты алып жүруші болып қала береді. Бұл ойынды бір мезетте екі топқа өткізуге болады. Бұл ойын баскетболдағы алшақтан допты жалғау дағдыларын дамытады.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. оқушылар тез орын ауыстыруларды көрсетеді;

2. оқушылар тезарада бір-бірлеріне допты дәлдеп лақтырады.

ҚБ: гистограмма. Ойын барысында мұғалім оқушыларын сырттай бақылап тұрып 10 балды шәкіл арқылы жетістіктерді түртіп алып тұрады, А4 форматтағы ақ бетке алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Назар аударылатын дағдылар: допты жалғау, алып жүру, тартып алу, алдату қозғалыстары. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары.

Мобильді (интерактивті) тақта.

Тактика тақырыбындағы таныстырылым.

А4 форматында гистограмма қаңқасы көрсетілген ақ бет

Сабақтың соңы:

5 мин

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім.

- нені толық түсінбедім деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

«Білемін, білдім, білгім келеді» амалы арқылы оқушылардан кері байланыс алуға болады. Ол үшін олар төмендегідей кестені толтырып кетеді:

Сабақ мақсаты

+

(білемін)

-

(білдім)

?

(білгім келеді)

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Жазу, сызу үшін кеңсе құралдары.

Саралау:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

- Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар үшін: допты тартып алу сияқты бір амалды ғана игерту;

- Қабілеті жоғары оқушылар үшін: жұпта қарама-қарсы тұрып допты жалғау, допты жалғай салып екіншісін қабылдау қажет.

Бағалау:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ: гистограмма. Ойын барысында мұғалім оқушыларын сырттай бақылап тұрып 10 балды шәкіл арқылы жетістіктерді түртіп алып тұрады, А4 форматтағы ақ бетке алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Назар аударылатын дағдылар: допты жалғау, алып жүру, тартып алу, алдату қозғалыстары. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2.Оқушылар нені үйренді?

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу