алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 8

1-бөлім: Өзгертілген командалық ойын

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулов А.А.

Сыныбы: 5 сынып

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындай алу

Оқу бағдарламасына сілтеме:

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

 Сабақ мақсаттары:

1. Жаттығудағы дұрыс реттілік туралы оқушыларға түсіндіру.

 Жетістік критерийлері:

1. Әртүрлі дене жаттығулардағы реттілік туралы біледі;

2. Әртүрлі дене жаттығулардағы реттілікті көрсете алады.

3. ҚЕ туралы біледі

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • лента;
  • допты алып жүру;
  • алдату қозғалыстары;
  • иықтан доп жалғау;
  • көтерілген қолдармен доптар жалғау;
  • допты тартып алу;
  • допты ұстап алу;

 Құндылықтарды дарыту:

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

 Пән аралық байланыс:

Бұл сабақ биология пәнімен байланыстырылады.

 Акт қолдану:

Ғаламтор ресурстарын қолдану, мобильді тақта арқылы таныстырылым, видеоролик көрсету.

Бастапқы білім:

Оқушылар доптарды лақтыру мен оның орындалу техникасы туралы біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Мұғалім өткен сабақтағы түсініктер мен амалдар туралы ауызша сұхбат жүргізеді

Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды:

-жүру, жүгіру жаттығулары;

-демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен жүріп созылу жаттығуларын жасау,

Құрал-жабдықпен ЖДЖ кешенін жасау

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық.

Сабақтың ортасы:

30 мин

Мұғалім оқушылардың есіне допты жалғау, ұстап алу, тоқтау, орын ауыстыру және ҚЕ туралы салады.

Теориялық мәліметтерді тексеру тапсырмасы:

Оқушылар допты алу жүрудің дұрыс реттілігін қойып шығулары керек. Олар суреттер арқылы ұсынылады.

(Б, Т, ф) «Доп орталыққа»

Ойыншылар 2-3 топқа бөлініп шеңбер жасайды. Әр шеңбердің ортасында топтың капитаны қолына допты ұстап тұрады. Ысқырықтың белгісі бойынша капитан шеңберіндегі бір ойыншыға допты жалғайды. Допты қағып алған ойыншы көршісіне береді солай доп шеңбермен кетеді капитан соңғы ойыншыдан допты кері алып жоғары көтеру керек. Содан кейін капитан ауысып ойын жалғасады, топтағы барлық ойыншылар капитан орнына тұрып шығулары керек, тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Ойын соңында мұғалім оқушылармен ойын туралы сұхбат жүргізеді.

ҚБ: оқушының өзіндік талдауы. Оқушыларға карточкалар таратылады, ол жерде оқушылар өздерінің іс-әрекеттеріне талдау жасай отырып сөйлемді аяқтаулары қажет:

Мен ойыннан ерте шығып қалдым, өйткені...

Маған ... сияқты дене қасиеті жетіспейді.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. допты тура жалғайды;

2. капитан ретінде көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

Материалды игеруді жалғастыру үшін видеоролик қарау ұсынылады: «Бросок после ведения».

(Б, Т, ф). 1. Допты жақыннан лақтыруды жетілдіру. Ойыншы допты шығыршыққа дейін алып жүреді, лақтырады және кері ұстап алып жалғастырады.

2. Жоғарыдағы әрекетті жалғастырады, алайда допты қстап алғаннан соң алып жүрмейді алдату қозғалыстарын, тез бұрылуларды жасайды;

3. Допты алып жүріп жақыннан лақтыруды игерген оқушыларға алыстан лақтыру әрекеттері ұсынылады.

ҚБ: мұғалім әр оқушыға кері байланыс береді. Іс-әрекеттер барысында мұғалім сырттай бақылау жасап, өзіне белгілеп алады және қай жерін жетілдіріп дамыту керектігін айтады.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. допты шығыршыққа тастауды дұрыс орындайды;

2. алдату қозғалыстарын көрсетеді.

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, баскетбол доптары.

Мобильді (интерактивті) тақта.

https://www.youtube.com/watch?v=QUbiiK8Lhxg

Допты алып жүру көрсетілген карточкалар.

Өзіндік талдау карточкалары.

Сабақтың соңы:

5 мин

Соңында оқушылар ауызша рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім.

- нені толық түсінбедім деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Бүгінгі сабаққа рефлексияны смайликтер арқылы жүргіземіз:

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Жазу, сызу үшін кеңсе құралдары.

Саралау:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

- Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар үшін: допты шығыршыққа тастау дағдысын игеру үшін жұпта жұмыстану ұсынылады;

Қабілеті жоғары оқушылар үшін: допты шығыршыққа алыстан лақтыруды игеру ұсынылады.

Бағалау:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ: Оқушылар допты алу жүрудің дұрыс реттілігін қойып шығулары керек. Олар суреттер арқылы ұсынылады.

Оқушының өзіндік талдауы. Оқушыларға карточкалар таратылады, ол жерде оқушылар өздерінің іс-әрекеттеріне талдау жасай отырып сөйлемді аяқтаулары қажет:

Мен ойыннан ерте шығып қалдым, өйткені...

Маған ... сияқты дене қасиеті жетіспейді.

Мұғалім әр оқушыға кері байланыс береді. Іс-әрекеттер барысында мұғалім сырттай бақылау жасап, өзіне белгілеп алады және қай жерін жетілдіріп дамыту керектігін айтады.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2.Оқушылар нені үйренді?

3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы