Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 83 сабақ.


83 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Тақырып: Жарыс элементтері бар ойындар

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Жарыс элементтері бар ойындар»

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыра отырып, футбол ойынындағы допты тебу, алып жүріп, алдап өту әдістерін үйрету. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, доппен жұмыс жасауды жетілдіру.

  • Шағын топта оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, допты түрлі әдіспен теуіп, қарсы бетке жүгіріп өтіп кезекке тұрады. Жаттығуды белгілі бір темппен жүргізу.
  • Шағын топтарда оқушылар бір-біріне допты беру әдістеріне жаттығады.

«Футбол» ойынын ойнатып жарыстыру.

Оқушыларды тең топтарға бөліп, футбол ойынын ережесімен ойнатып жаттықтыру. Командалық спорттық ойындарға деген қызығушылығын ояту арқылы оқушылардың дағдыларын жетілдіру. Ойын ережесін түсіндіру арқылы, төрешіге бағынуды үйрету.

Қорытындылау немесе бағалау.

Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалауға дағдыландыру.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық дартс, дротик

доптар жеңіл доптар

кеглилер кәрзеңке

секіртпе кіші доптар

шығыршықтар маты

секіртпе қапшығы барье



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу