Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 84 сабақ.
№84 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Жарыс элементтері бар ойындар
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жарыс элементтері бар ойындар»
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, оқушыларды жарыстыру арқылы бүгінгі мақсатқа жету. Оқушыларға ойын ережелерімен таныстырып, ережелерін түсіндіру.
«Шеңберге тигіз». Оқушылар екі топқа бөлінеді. (немесе 3-4 топқа). Бір бірлеп мәре сызығына қатарға тұрады. Қашықтығы 2 метр жерде шеңбер қойыңыз. Сол қолымен немесе оң қолымен иықтан асыру арқылы шеңберге бірінші тұрған ойыншы теннис добын лақтырып тигізуге тырысады. Содан соң қатар соңына тұрып келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншылар тапсырсманы қайталайды.
Ең көп допты шеңберге тигізен ойыншылар жеңіске жетеді.
«Дөңгелек». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, бірінің артына бірі сапқа орналасып, артымен шеңбер орталығына, дөңгелек сымдары сияқты тұрады. Алдындағы эстафета таяқшасын ұстаған ойыншылар тұрған орындарын белгілеп шеңбер сызады. Мұғалім белгісі бойынша ойыншылар шеңбер айнала оңға жүгіре бастайды.
Шеңберді айнала жүгіріп өз қатарынадағы жеткен ойыншысына эстафета таяқшасын береді. Екінші ойыншы үшінші ойыншыға т.б ойын оқушылар барлығы жүгіріп өткенше жалғасады. Эстафетаны бірінші аяқтаған ойыншылар жеңіске жетеді.
«Көпір». Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтар кез келген көпір шеттеріне тұрады. «Көпір» ұзындығы 3-5 метр ені 0,5 метр (жерге секіргіш қойып жасауға болады)
Белгі бойынша оқушылар бір мезетте екі жақтап көпірдің келесі бетіне өтеді. Егер ойыншылар секіргішті аяғымен басып өтетін болса, ойын қайтадан басталады.
(көпір құлайды)
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалауға дағдыландыру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барье
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру