Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 82 сабақ.
№82 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Жарыс элементтері бар ойындар
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жарыс элементтері бар ойындар»
Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру. Оқушыларды шағын топтарға бөлініп, футбол ойынының элементтерін яғни, допты алып жүру, доппен қимылдар жасау арқылы эстафеталық ойындармен жарыстыру.
1. Оқушылар конустардың арасымен футбол добын жыланша алып жүреді. Соңғы белгіні айналып, қайтарда түзу оралады. Барлық оқушылар осылай доппен жүгіріп келеді.
2. Оқушылар футбол добын гимнастикалық таяқшалармен екі жағынан қысып алып, жүгіріп, өз белгісін айналып келулері тиіс. Барлық оқушыларды тапсырмаларды орындайды.
3. Оқушылар өз белгілеріне дейін футбол добын аяқпен конгустың арасымен алып жүріп, қақпаға тебулері тиіс. Барлық оқушы осы тапсырманы орындауы керек. Қайтарда түзу допты аяқпен алып келеді.
Жалпы, эстафеталық ойынды сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Тапсырмаларды орындау кезінде қандай қиыншылықтар болды? Бұл тапсырмалар Сіздерге қиын болды ма?
Оқушылардың тапсырманы орындаудағы әрекеттерін бағалау арқылы дұрыс орындау әдісін түсіндіру, көрсету. Жақсы орындап көрсеткен оқушыларды мақсатау арқылы бағалау. Икемділігі төмен оқушылармен жекелей жұмыс жасау. Допты алып жүру әдістерін көрсету.
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барье
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру