Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 30 сабақ.


№30 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Аэробика элементтері бар гимнастика

Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.

Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпынакелтірудің жақсы құралы болып келеді.

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененіңжәне аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін  және олардысинхронды орындауға тырысуына  сабағымда басты назарға аламын.  Музыка ырғағымен істелінетін  жаттығулар физикалық  дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен  қатар  барлық  психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.

Ырғақ биін оқушыларға үйретерде  де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек.  Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.

Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:

Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.

Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.

Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.

Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.

Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.

Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.

Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.

Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.

Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы  оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи  объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда гимнастика сабақтарында аэробика, степ, фитнес жаттығуларын үнемі пайдаланып отырған абзал.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар қимыл-қозғалыс ойындары арқылы немесе түрлі кешенді жаттығуларды орындау арқылы мақсатқа қол жеткізеді.

Оқушылар әуенмен «Буратино» кешенін орындайды.

1) Бір орында, қолдар дене бойымен, алақандар еденге парралелді «Бір орында жүру». Аяқтың ұшын еденнен көтермей, тек екі өкшені кезек жерден көтеру арқылы орындаймыз.

2) оң жаққа 2 адым, сол жаққа 2;

3) W-стeп оң аяқпен;

4) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

5) W-степ сол аяқпен;

6) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

7) Оңға-солға қисаю, алға еңгею, артқа шалқаю;

8) «Бу!» дегенде от-шашу(салют) оң жақ жоғарыға, «Ра!» - оңға, «Ти!» - жоғары, «Но!» - сол жақ жоғарыға;

9) «Бу – Ра - Ти-Но!» - солдан оңға қарай, жоғары доға бойымен.

Оқушылар әуенмен «Летка-Енька» кешенін орындайды.

1) Оң аяқты 2 рет жанына сермеу, сол аяқта секіру арқылы;

2) Сол аяқты 2 рет жанына сермеу, оң аяқта секіру арқылы;

3) Екі аяқта секіру алға, артқа, және 3 алға;

4) Екі аяқта секіру оңға-солға.

Оқушылар босаңсу және иілгіштікке жаттығулар орындайды.

  • «Гимнаст».

Б.қ. –бір қырында жатып, бір қол алға созулы.

1-2 - дегенде бос аяқты бүгіп, жамбасқа тигізу керек.

3-4 - дегенде артқа шалқайып, аяқты жоғары көтеру керек.

8 рет қайталау.

  • «Сайқымазақ».

Б.қ. – негізгі тұрыс.

1-2 дегенде - қарынға жатып иекпен бүгілген қолдарға таяну және аяқты бүгу.

3, 4, 5,6 - дегенде аяқпен ауада сермеу.

7-8 дегенде арқаға аударылу.

1-2 дегенде – қолды бастың астына қойып, аяқты тізеде бүгу.

3-4 дегенде – бір аяқты екіншісіне қою.

5-6 дегенде – аяқты аустыру.

7-8 дегенде – екі аяқты еденге қою.

4 рет қайталау.

Оқушылар дем алуға арналған жаттығуларды орындайды.

1. «Майшамды үрлеп сөндір».

Б.қ. – еденде отырып, аяқтар алдында қайшыланған, қолдар еркін тізенің үстіне қойылған, арқа түзу. Мұрын арқылы терең дем алу, майшамды үрлеп жатқан сияқты ауызбен дем шығару. Жаттығуды бірнеше рет қайталау.

2. «Мамық».

Б.қ. – дәл солай. Мұрынмен терең де малу. Мамықты үрлеп, ауада ұстап тұруға тырсқандай бірнеше рет ауызбен дем шығару.

3. «Шар».

Б.қ. – дәл солай. Қол іште. Мұрын арқылы терең дем алып, ішті толтыру. Ауызбен дем шығарып, іштегі ауаны шығар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу