Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 32 сабақ.


№32 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.

Гимнастикалық жаттығулардың әсері:

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:

  • Дене жаттығулары;
  • Гимнастика;
  • Ойын;
  • Туризм;
  • Спорт;
  • Табиғи фарторлар жатады.

Дене жаттығулары – бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.

Ойын – оқушыларды жылдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.

Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштіккке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және мральдік еріктік қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.

Дене тәрбиесінде маңызды құралдардың бірі табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.

Гимнастика – арнай жаттығулар жүйесінен тұратынадам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.

Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбасттылығымен т.б адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығын дұрыс қалыптасуы. Жалпы, адамның адами болмысын қалыптастырады.

Өрмелеу

Өрмелеу жаттығулары гимнастикалық орындық пен қабырғада, арқан мен сырғауылда орындалады.  Гимнастикалық  орындықтағы  жаттығулар  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп  жасынан  бастап  қолданады.  Жаттығулар  еденде  тұрған және  көлбеген  түрде  қойылған  (бір  ұшын  гимнастикалық  қабырғаға  тіркеп) орындықта орындалады. Орындықтың еңкіш бұрышы балалардың дайындығына  байланысты.  Гимнастикалық  орындықтағы  өрмелеу  екі  әдіспен орындалады: тізеде және жүрелеп таяну қалпында. 

Гимнастикалық  қабырғадағы  өрмелеулер  құрамына  аралас  асылу, таяну  қалыптарында тік,  көлденең  және  қиғаш  бағытпен  орындалатын әртүрлі жаттығулар кіреді. 

Сабақтың кіріспе бөлімінде Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

1. қарлығыш әдісіне тұрып, алға аунау

2. шалқалап жатып, жауырынға тұру

3. шалқадан жатып, көпірше жасау

4. жауырынға тұру

5. қолды тіреп баспен тұру

6. артқа аунау

Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Әр оқушы жекелей жұмыс жасап, кешенді жаттығулардың кем дегенде 4-5 түрін қосып көрсету.

1.Оқушылар кіші топтарда өрмелеп шығуға арналған тапсырмаларды құрастырады.

2.Оқушылар құрастырылған тапсырмаларды орындайды.

3.Оқушылар орындалған тапсырмалары талқылайды және бағалайды.

арқанға өрмелеу

швед сатысына өрмелеу

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.

Уақыт қалса, шағын топта гимнастикалық жаттығулардан эстафеталық ойын ойнату.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу