Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


№4 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Кіріспе бөлімдегі оқушы іс-әрекеті:

Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, қозғалыста ЖДЖ-ын орындайды).

Негізгі бөлім:

Оқушы әрекеті:

Оқушылар үш-төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.

2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.

3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіреді;

- шағын топта тиімді әрекет етеді, жаттығудың кем дегенде 5-6 түрін көрсетеді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Уақыт қалса қимыл-қозғалыс ойындарын ойнайды. Ойын ережелері.

«Қоян, күзетші және күшік». Сынып ішінде екі жүргізушіні таңдаңыз «күзетші және күшік» Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады.

«Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны. Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды!

Жаттығу кезінде жүрек ауырған жағдайда орын алатын жаттығулар https://massaget.kz/jigitterge/fitnes/28680/

Оқушыларға қосымша ресурстарды тарату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу