Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Дидактикалық материал №6
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене тәрбие жаттығулары
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.
қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30 м. —8,5-7,5 сек).
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
| Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Ойыншылар жан-жаққа дұрыс бытырап қашпауы Жүргізуші дақ түсіргісі келген ойыншының атын дауыстап атамауы Қуып жетуге тырыспауы Қалғандары алаңның ішінде қалуы «Дақтаушы» басқа ойыншының атын атамауы Мұғалімнің белгісін күтпеуі |
2. «Дақталған» ойыншының ойынан шығып қалуы | «Дақталған» ойыншы ойыннан шықпауы «Дақтаушы» алдымен ойыншының атын атамауы Ойыншыны кейін қуып «дақтамағаны» «Дақтаушы» ойын кезінде жағдайға байланысты өзінің шешімін өзгертпегені |
3. Аз «дақталмаған» ойыншының жеңісі | Екінші ойыншының орындай алмауы Ойыншы «дақтау»кезінде тез шешім қабылдай алмауы Айналасындағы ойыншылардың жақын тұрғанын байқамауы Ойын ережесін дұрыс сақтамауы |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру