Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар. Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Дененің функционалдық жүйелеріндегі өзгерістерді бақылау бойынша әдістемелік нұсқаулығы.
Дененің, жүрек-тамыр және тыныс алу органдарының функционалдық жүйелерінің алғашқы байқауы сабақтың басталуына дейін демалуға тиіс. Бақылау үш минуттық демалғаннан кейін орын алады.
Денедегі өзгерістерді бақылау жаттығулардан кейін дереу орындалады. Содан кейін үш минуттық демалғаннан кейін.
Әдістемелік нұсқаулық
Бір орынан секіру техникасын үйрету бойынша нұсқаулық.
Бір орынан секіру, негізінен жаттығу ретінде қолданылады, бірақ бір орынан секіру және үш рет секіруден жарыстар өткізіп тұрады. Аяқтың күші мен секіргіштігін анықтау үшін бір орынан биіктікке секіру бақылау сынағы ретінде өтеді.
Бір орыннан қашықтыққа секіру. Бір орынан секіру техникасы бөлінеді:
- итерілуге дайындық;
- итерілу;
- ұшу;
- жерге түсу.
Итерілуге дайындық: спортшы итерілу сызығына жақындайды, аяқтарын иытарының еніне немесе иығының енінен сәл тарлау қояды, содан кейін спортшы қолдарын артқа қарай жоғары көтеріп, бір мезгілде белі тұсынан бүгіліп аяқтарының ұшына тұрады. Содан кейін, біртіндеп тез арада қолдарын төмен және кері қарай түсіреді, бір мезгілде табанымен жерге түседі, тізе және жамбас буындарынан бүгіледі, иықтары аяқтың ұшынан алда болуы үшін алға еңкейеді. Қолдары кері тартулы, шынтақ буындары сәл бүгулі бұндай жағдайға көп кідірмей спортшы итерілуге көшеді. Итерілуді секірушінің денесі инерциямен төмен түсіп келе жатқанда, бірақ жамбас буынында бүгілу басталғанда, сонымен қатар қолдары тез әрі белсенді түрде алға сәл жоғары бағытталған кезде бастаған маңызды. Әрі қарай тізе буындары бұгілу және сирақ буындары жазылады. Аяқты жерден көтерген мезгілде итерілу аяқталады. Итерілгенен кейін секіруші денесін түзейді, сым тәрізді содан кейін тізе және жамбас буындарын бұгіп, кеудесіне қарай тартылады. Қолдарын сол мезгілде артқа кері төмен қаратады, сосын спортшы тізе буындарын жазып яқтарын түзеп табандарымен алға қарай жерге түседі. Аяғы жерге тиген бойда секіруші қолдарын белсенді түрі алға ұмытылдырады аяқтарын тізе буындарында бұгіп және жамбасын жерге түсу тартылдыратырап. Онымен ұшу фазасы аяқталады. Аяқтарды бүгу тығыз және қарсылықпен болуы тиіс. Тоқтағаннан кейін секіруші түзеліп, алға екі қадам басып жерге түсу орнынан шығады.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаттары: 3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
- Дене шынықтырумен айналысқанда денені қыздыру мен босаңсыту маңызын түінеді
Бағалау критерийлері:
дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсінеді
Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
1. Ойын ережесін түсіндіру.
2. Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады.
3. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі.
4. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді.
5. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады.
6. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді.
7. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстыруға болады.
8. «Дуалда» тұрған оқушыларды алма кезек ауыстырылады.
9. Ол жерге «күшік» ұстап алғандарды қояды.
10. Осы ойынды өткізу барысында ойын ережесінің орындалуы мен тәртіптің сақталуын қадағалау.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 4Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаттары: 3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
- Дене шынықтырумен айналысқанда денені қыздыру мен босаңсыту маңызын түінеді
Бағалау критерийлері:
- дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсінеді
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді.
№ 2 Тапсырма: «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | Қосаяқпен секіруді біледі; Секірген мезгілде серпілуді біледі. | Техникалы дұрыс орындайды | Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
Дауста, атыңды айтам - ойыны.Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
Көрші – ойыны. Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру