Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
№6 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)
Кіріспе бөлім
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Қатардағы жаттығулар. (Оңға, солға, кері бұрылу)
Жүрістегі жаттығулар. (Залды айнала жүру жаттығуларын орындау. Аяқ ұшымен жүру, өкшемен жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру т.б)
Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. (оң, сол иықпен қолды артқа, алға айналдыра жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, өкшені артқа лақтырып жүгіру, оң, сол аяққа секіріп жүгіру, артпен жүгіру, жылдамдыққа жүгіру. )Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Негізгі бөлім:
Оқушы әрекеті:
Оқушылар жұптарға жасақталады. Өткен сабақтағы дағдыларды жетілдіру үшін күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады:
- қыздырыну жаттығуларын орындайды;
- серіктесімен дене жаттығуларын орындайды;
- аяқ-қол жаттығуларын күрделендірілген түрін орындайды;
- секіру жаттығуларын бірге орындайды;
- жалпы дамыту жаттығуларын тыянақты орындап көрсетеді.
Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындауды сынамалау:
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- жеке қауіпсіздік үшін қол, аяқ қозғалыстарын үйлестіре алады;
- дене қасиеттерді дамыту үшін бірнеше жаттығулар ұсынады.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Уақыт қалса, «Допты қуып жет» қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім екі допты шеңбердің екі жағынан ойыншыларға береді.
Мақсат: допты қос қолмен жылдам қағып алып, қасындағы серіктесіне түсірмей, лақтырмай беруі тиіс. Ортаға адамтастап келесі адамға допты жәй лақтырып беруге болады. Оң немесе сол қанаттағы доп бірінші келуін анықтау үшін оқушылар жылдам қимылдауы керек. Ойын осылай жалғасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру