Қозғалыстары бар ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру

2-сынып

1-тоқсан

Бөлім

Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары.

Бөлімше

Таңғы жаттығулар жиынтығы

Оқу мақсаты

2.2.4.1. Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді талқылау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

Қарапайым ойын барысында адамгершілік құндылықтарды ажыратады, ойын арқылы патриоттық сезімдердің маңыздылығын түсінеді, талқылайды.

Тапсырма

Кіші допты бір орыннан және адымдап ұзындыққа лақтырады.

Оқушылар сызықтың бойында тұрады «Доппен көзде» ойынын ойнайды

Ойынға бір волейбол добы және оқушылар санының жартысына тең болатын теннис добы керек. Ойыншылар әр түрлі нысаналарды көздейді. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызықтар жүргізіледі, ал алаңның ортасында волейбол добы, әр түрлі нысаналар болады.

Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар допты волейбол добына лақтырады, оны қарсы тұрған нысаналарға тигізуге тырысады. Осылай, кезекпен топтар доптарды қажетті лақтыру саны бойынша лақтырады. Ойын ұзақтығы 8—10 мин.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қарапайым ойын барысында адамгершілік құндылықтарды ажыратады, ойын арқылы патриоттық сезімдердің маңыздылығын түсінеді, талқылайды.

Оқушы:

-ойын барысында адамгершілік құндылықтарды сақтайды;

-ойын ережелерін, шарттарын анықтайды;

-жаттығу маңыздылығын (допты дұрыс лақтыру, тура тигізу) ажыратады;

-топтық жұмыстардың не үшін қажет екенін түсінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу