Алкандар. Элементтердің масссалық үлестері бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алкандар. Элементтердің масссалық үлестері бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.16 элементтердің массалық үлестері және органикалық заттардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша олардың қарапайым және молекулалық формулаларын анықтау.

 Сабақ мақсаттары

- элементтердің массалық үлестері және органикалық заттардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша олардың қарапайым және молекулалық формулаларын анықтау.

 Бағалау критерийлері

- элементтердің массалық үлестері бойынша органикалық қосылыстардың қарапайым формуласын анықтайды;

- органикалық қосылыстардың молекулалық формулаларын анықтау үшін олардың буының салыстырмалы тығыздығын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар химиялық терминдермен академиялық тілді қолдана отырып, есептерді шешу жолдарын түсіндіреді.

Лексика және терминология:

Массалық үлес, салыстырмалы тығыздық, эмпирикалық формула, молекулалық формула.

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер:

Заттардың молекулалық формуласын табу үшін …......................

Қосылыстағы атомдар санының қатынасын табу үшін ................

Молекулалық формуланы табу үшін ......................................

 Құндылықтарды дарыту

 

Өмір бойы оқу, құрмет пен ынтымақтастық құндылықтары жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Математика – үлес бүтіннің бір бөлшегі

 АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен қажетті ақпаратты табу

 Бастапқы білім

Оқушылар:

- заттың формуласы бойынша элементтің массалық үлесін анықтайды;

- салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың молярлық массасын есептейді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

І. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау.

ІІ. Заттың химиялық формуласы бойынша элементтердің массалық үлесін және газдардың салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың молярлық массаны есептеу дағдыларын жаңғырту.

  • Элементтің массалық үлесін қалай есептеуге болады?
  • Метан молекуласындағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеңіздер.
  • Салыстырмалы тығыздықты қолданып газдың молярлық массасын қалай анықтауға болады?

Презентация

Сабақтың ортасы

ІІІ. Оқушылармен бутанның, этеннің және бензолдың мысалында «молекулалық», «құрылымдық», «эмпирикалық» формулалар ұғымын қайталау.

(1-қосымша)

1-тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Формула түрі 

бутан

этен

бензол

Молекулалық

Эмпирикалық

Құрылымдық

Кестені толтырғаннан кейін сұрақтарға жауап берулерін сұрау.

  • Заттың эмпирикалық формуласы нені көрсетеді?
  • Заттың молекулалық формуласы нені көрсетеді?
  • Заттың құрылымдық формуласы нені көрсетеді?

ІІ. Элементтердің массалық үлесі бойынша молекулалық формуланы табуға арналған есептің алгоритмін құру бойынша жұптық жұмыс ұйымдастыру.

Оқушыларға шешуі берілген есеп бойынша алгоритм құру тапсырмасын беру. (2-қосымша)

ІІ. Молекулалық формуланы табуға арналған есептерді шешу дағдыларын бекіту үшін жұптық жұмысты ұйымдастыру.

Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру және ынтасына ықпал ету мақсатында ұсынылатын есептердің мазмұны, ойлау дағдысы мен күрделілік деңгейліктері бойынша әртүрлі. (3-қосымша)

Оқушылар жауаптарын жауап картасымен салыстыру арқылы есептердің дұрыс шығарылғандығын тексереді.

1-қосымша.

2-қосымша

Заттың формуласын элементтердің массалық үлесі бойынша шығару

https://www.youtube.com/watch?v=R9IM_zIJRDw

3-қосымша

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.

4-қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды.

Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және жұптық жұмысты орындау кезінде оқушылардың элементтердің массалық үлесі мен салыстырмалы тығыздық бойынша заттың молекулалық формуласын табуға арналған есептерді шығаруға арналған оқу мақсаты қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша бағаланады

Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-қосымша.

1-тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Жауабы:

Формула түрі

Бутан

Этен

Бензол

Молекулалық

С4Н10

С2Н4

С6Н6

Эмпирикалық

С2Н5

СН2

СН

Құрылымдық

  • Молекула құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формуланы қарапайым немесе эмпирикалық формула деп атайды.
  • Молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формуланы нақты немесе молекулалық формула деп атайды.
  • Молекуладағы атомдардың байланысу ретін көрсететін формуланы құрылымдық формула деп атайды.

2-қосымша.

2-тапсырма. Есептің шығару жолын зерделеп, элементтердің массалық үлесі бойынша молекулалық формуланы табу алгоритмін құрыңыздар.

1.

Есеп: Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

2.

Берілгені:

ω (С)=85,7%

ω (H)=14,3%

D (ауа)= 1,93

____________

Табу керек:

СхНу=?

3.

n(C) = m(C) : M(C) = 85,7г : 12г/моль = 7,14 моль

n(Н) = m(Н) : M(Н) = 14,3г : 1г/моль = 14,3 моль

4.

СхНу

х : у = n(C) : n(Н) = 7,14 : 14,3

х : у = 1 : 2

5.

СН2

М(СН2) = 14 г/моль

6.

М(СхНy) =М(ауа) ∙ Dауа=29г/моль ∙ 1.93=56 г/моль

7.

М(СхНy) : М(СН2) = 56 г/моль : 14 г/моль = 4

8.

С4Н8

Жауабы:

1.

Зейін қойып оқып, есептің мазмұнын дұрыс түсініп алу

Есеп: Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

2.

Есептің шартын қысқаша жазу

Берілгені:

ω (С)=85,7%

ω (H)=14,3%

D (ауа)= 1,93

____________

Табу керек:

СхНу=?

3.

Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын оның молярлық массасына бөлу

n(C) = m(C) : M(C) = 85,7г : 12г/моль = 7,14 моль

n(Н) = m(Н) : M(Н) = 14,3г : 1г/моль = 14,3 моль

4.

Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасын ең кіші бүтін сандар қатынасына келтіру

СхНу

х : у = n(C) : n(Н) = 7,14 : 14,3

х : у = 1 : 2

5.

Эмпирикалық формуласы

СН2

М(СН2) = 14 г/моль

6.

Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің молярлық массасын табу

М(СхНy) =М(ауа) ∙ Dауа=29г/моль ∙ 1.93=56 г/моль

7.

M(орг.зат) : M(эмп.формула)

М(СхНy) : М(СН2) = 56 г/моль : 14 г/моль = 4

8.

Молекулалық формула

С4Н8

3-қосымша.

Бағалау критерийлері:

- элементтердің массалық үлестері бойынша органикалық қосылыстардың қарапайым формуласын анықтайды;

- органикалық қосылыстардың молекулалық формулаларын анықтау үшін олардың буының салыстырмалы тығыздығын қолданады.

Дескрипторлар:

  • Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасы бойынша заттың эмпирикалық формуласын табады;
  • Заттың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша оның молярлық массасын есептейді;
  • Заттың молекулалық формуласын анықтайды.

3-тапсырма. Элементтердің масссалық үлестері мен салыстырмалы тығыздықтарын қолданып органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтаңыздар.

  • Көміртегінің массалық үлесі – 92,3%, гелий бойынша буының салыстырмалы тығыздығы

6,5-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласы қандай?

Жауабы: С2Н2

  • Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14, 3% болатын, оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,3125 - ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Жауабы: С3Н6

  • Құрамында көміртек – 85,7%, сутек – 14,3% болатын көмірсутектің 0,5 молінің массасы 14 г. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С2Н4

  • Қосылыстағы көміртегінің массалық үлесі – 39,97%, сутек массалық үлесі – 6,73%, оттегінің массалық үлесі – 53,30%. Қалыпты жағдайда осы газдың 300 мл – нің массасы 2,41 г. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С6Н12О6

  • Қанықпаған екі көмірсутектің массасы бойынша элементтің құрамы бірдей 85,714% С және 14,286% Н. Ал неон бойынша салыстырмалы тығыздықтары – 2,1 және 3,5. Көмірсутектердің молекулалық формулаларын анықтаңыз.

Жауабы: С3Н6 және С5Н10

  • Құрамында 7,7% сутегі бар, 17 г алкин (қ.ж) 5,6 л көлем алады. Алкиннің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С5Н8

4-қосымша.

Өзін өзі бағалау парағы

+++ толық сенімдімін ++ қате жіберіум мүмкін + күмәнданамын - сенімсізбін

Жауаптарыңды қысқаша мысалмен дәлелдеңдер!!!

Есеп шығару алгоритмі

Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін

Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасын табу

Эмпирикалық

формуланы анықтау

Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің молярлық массасын табу

Молекулалық

формуланы анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу