Алкандар. Элементтердің масссалық үлестері бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


-қосымша.

1-тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Жауабы:

Бутан

Этен

Бензол

Молекулалық

С4Н10

С2Н4

С6Н6

Эмпирикалық

С2Н5

СН2

СН

Құрылымдық

  • Молекула құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формуланы қарапайым немесе эмпирикалық формула деп атайды.
  • Молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формуланы нақты немесе молекулалық формула деп атайды.
  • Молекуладағы атомдардың байланысу ретін көрсететін формуланы құрылымдық формула деп атайды.

2-қосымша.

2-тапсырма. Есептің шығару жолын зерделеп, элементтердің массалық үлесі бойынша молекулалық формуланы табу алгоритмін құрыңыздар.

1.

Есеп: Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

2.

Берілгені:

ω (С)=85,7%

ω (H)=14,3%

D (ауа)= 1,93

____________

Табу керек:

СхНу=?

3.

n(C) = m(C) : M(C) = 85,7г : 12г/моль = 7,14 моль

n(Н) = m(Н) : M(Н) = 14,3г : 1г/моль = 14,3 моль

4.

СхНу

х : у = n(C) : n(Н) = 7,14 : 14,3

х : у = 1 : 2

5.

СН2

М(СН2) = 14 г/моль

6.

М(СхНy) =М(ауа) ∙ Dауа=29г/моль ∙ 1.93=56 г/моль

7.

М(СхНy) : М(СН2) = 56 г/моль : 14 г/моль = 4

8.

С4Н8

Жауабы:

1.

Зейін қойып оқып, есептің мазмұнын дұрыс түсініп алу

Есеп: Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

2.

Есептің шартын қысқаша жазу

Берілгені:

ω (С)=85,7%

ω (H)=14,3%

D (ауа)= 1,93

____________

Табу керек:

СхНу=?

3.

Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын оның молярлық массасына бөлу

n(C) = m(C) : M(C) = 85,7г : 12г/моль = 7,14 моль

n(Н) = m(Н) : M(Н) = 14,3г : 1г/моль = 14,3 моль

4.

Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасын ең кіші бүтін сандар қатынасына келтіру

СхНу

х : у = n(C) : n(Н) = 7,14 : 14,3

х : у = 1 : 2

5.

Эмпирикалық формуласы

СН2

М(СН2) = 14 г/моль

6.

Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің молярлық массасын табу

М(СхНy) =М(ауа) ∙ Dауа=29г/моль ∙ 1.93=56 г/моль

7.

M(орг.зат) : M(эмп.формула)

М(СхНy) : М(СН2) = 56 г/моль : 14 г/моль = 4

8.

Молекулалық формула

С4Н8

3-қосымша.

Бағалау критерийлері:

- элементтердің массалық үлестері бойынша органикалық қосылыстардың қарапайым формуласын анықтайды;

- органикалық қосылыстардың молекулалық формулаларын анықтау үшін олардың буының салыстырмалы тығыздығын қолданады.

Дескрипторлар:

  • Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасы бойынша заттың эмпирикалық формуласын табады;
  • Заттың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша оның молярлық массасын есептейді;
  • Заттың молекулалық формуласын анықтайды.

3-тапсырма. Элементтердің масссалық үлестері мен салыстырмалы тығыздықтарын қолданып органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтаңыздар.

  • Көміртегінің массалық үлесі – 92,3%, гелий бойынша буының салыстырмалы тығыздығы

6,5-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласы қандай?

Жауабы: С2Н2

  • Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14, 3% болатын, оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,3125 - ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Жауабы: С3Н6

  • Құрамында көміртек – 85,7%, сутек – 14,3% болатын көмірсутектің 0,5 молінің массасы 14 г. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С2Н4

  • Қосылыстағы көміртегінің массалық үлесі – 39,97%, сутек массалық үлесі – 6,73%, оттегінің массалық үлесі – 53,30%. Қалыпты жағдайда осы газдың 300 мл – нің массасы 2,41 г. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С6Н12О6

  • Қанықпаған екі көмірсутектің массасы бойынша элементтің құрамы бірдей 85,714% С және 14,286% Н. Ал неон бойынша салыстырмалы тығыздықтары – 2,1 және 3,5. Көмірсутектердің молекулалық формулаларын анықтаңыз.

Жауабы: С3Н6 және С5Н10

  • Құрамында 7,7% сутегі бар, 17 г алкин (қ.ж) 5,6 л көлем алады. Алкиннің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С5Н8

4-қосымша.

Өзін өзі бағалау парағы

+++ толық сенімдімін ++ қате жіберіум мүмкін + күмәнданамын - сенімсізбін

Жауаптарыңды қысқаша мысалмен дәлелдеңдер!!!

Есеп шығару алгоритмі

Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін

Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасын табу

Эмпирикалық

формуланы анықтау

Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің молярлық массасын табу

Молекулалық

формуланы анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу