Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері. Химия, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері.
Оқу мақсаты
11.2.1.12 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.1.13 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну
Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
-азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдайды;
-азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсынады
«Табу» ойыны
Ойынның шарты:
оқушыларға кілт сөз және қолдануға болмайтын сөздердің тізімі жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз катрочкасындағы кілт сөзді түсіндіру үшін тақтаға шығып, табу-сөздерді қолданбай түсіндіруге тырысады. Оқушы кілт сөздің мәнін ашу үшін барлық білімін қолдануы керек және ғылыми тілді, толық анықтамасын, қасиеттерін, ерекшеліктерін қолдануы керек.
Сыныпты 3-4 топқа бөлу.
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін «Фишбоун» әдісі арқылы талдау.Бағалау критерийлері:
• Атмосфераның жағдайына NOx ластаушыларының әсері
• Судың ластануына және мәдени өсімдіктердің өсуіне азот тыңайтқыштары әсерінің оң және теріс факторлары (эвтрофикация үдерісі).
• Құрамында азоты бар қосылыстардың экологиялық әсерін азайту әдістерін және олардың альтернативтерін қолдану мүмкіндігін қарастыру.
Қалыптастырушы бағалау:
Топтар өз жұмыстарын ортаға салады.
Өзара жұмыстарын бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек».
Рефлексия
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?