Азот және оның құрылысы. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор тыңайтқыштарының қолданылуы. Азот оксидтері, нитраттар және фосфатардың қоршаған ортаға әсері. Химия, 10 сынып, дидактикалық матриал.


Зертханалық жұмыс «Аммиак алу және оның су ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу»

Мақсаты: - газ тәрізді аммиак пен оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін білу және түсіну

Қажетті құрал-жабдықтар: NH3, NH4Cl,NaOH, H2O, фенолфталейн , CuSO4 , ZnSO4, NiSO4, CоCl2 ерітінділері.

Р/с

Не істелді?

Реакция теңдеуі

Не байқалды?

Қорытынды

1

Аммиактың алынуы және оның суда еруі

Шыны ыдысқа 1 қасық кальций гидроксидін және 2 қасық құрғақ аммоний хлоридін салып араластырдыңдар. Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып жанарғымен қыздырыңдар.

Түзілген газды төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Жиналған аммиакты өзіне тән өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады. Аммиак жиналған сынауықты газөткізгіш түтіктен абайлап төмен қаратып тұрып босатады. Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салу керек. Судың тез жоғары көтерілетініне назар аударыңдар. Судың астына сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталеинмен сынаңдар. Неге тәжірибені жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болу керек? Неге жинағыш сынауықтың аузын төмен қаратып ұстау керек? Аммиактың алыну және еру теңдеулерін жазыңдар. Фенолфталеин қандай түске боялады? Неліктен қышқыл қосқан кезде түсі өзгереді? Неге сынауықтағы судың деңгейі көтеріледі?

2

Аммиактың CuSO4 реакциясы

Аммиактың ZnSO4 реакциясы

Аммиактың NiSO4 реакциясы

Аммиактың CоCl2 реакциясы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?