14 (IV) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері. Зертханалық тәжірибе №10 "Қорғасынның, қалайының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері" . Химия, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1A Элементы 14 (IV)-группы

Мектеп: Атырау қ., ХБН НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

14 (IV) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Зертханалық тәжірибе №10 "Қорғасынның, қалайының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері" (1 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.2 14 (IV) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакциялар теңдеуін құру;

 Сабақ мақсаттары

-14 топ элементтерінің химиялық қасиеттерін зерттеу

-химиялық реакциялар теңдеуін құрастыру

-химиялық тәжірибе нәтижелерін талдау

 Жетістік

 критерийлері

 

 Білу

 Түсіну

 Қолдану

Оқушылар жетеді, егер:

Реакция теңдеуін жазады;

Реакцияларға бақылау жазады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- топтағы элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіне алады .

Пәндік лексика және терминология:

металл, металл емес, металлоидтар, ионды, ковалентті, гидролиз, тетраэдрикалық, ауыр металдар, (емес) металл, электр және жылу өткізгіштігі, үрдісі, қасиеттері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Металдардың типтік қасиеттері … Элементтердің тән металл қасиеттері … Топта жоғарыдан төмен қарай металл қасиеттері..., металл емес... .

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтық жұмыс кезінде құрмет көрсету

Оқушылардың жұмысын бағалаудағы ашықтық

Еңбек және шығармашылық

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық

  байланыстар

Физика, биология

 АКТ қолдану

  дағдылары

Онлайн бейне роликтер мен презентация арқылы мәліметтер тарату, сұрақ-жауаптар.

Бастапқы білім

14 топ элементтерінің таралуы мен физикалық қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

0-7 минут

7-15 минут

15-18 минут

18-35 минут

Сабақ басында:

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

Өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріп, бүгінгі сабақпен байланыстыру үшін оқушыларға презентация арқылы тапсырма беріледі. Тапсырманы жұпта орындайды.

14-топ элементтерінің қасиеттері мен электрондық құрылымы туралы келесі сұрақтарға жауап жазыңыздар:

а) 14 топтың негізгі топшасының элементтерін атаңыз

б) көміртектен қорғасынға дейінгі атомдар радиустарының мөлшері туралы не айтуға болады? Бейметалдық және металдық қасиеттерінің пайда болуы туралы

в) қарапайым заттардағы химиялық байланыс пен кристалдық торлар түрлері.

г) топ бойынша физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіріңіз

д) 14 топтың негізгі топшасындағы белсенділігі жоғары элементті атап, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз

Жұптар берілген 10 минут аяқталған соң, жауап жазуды тоқтатып, өз-өздерін бағалауға кіріседі. Ол үшін мұғалім кезекпен –кезек жұптардың жауабын тыңдайды, өзге оқушылар мұғалімнің берген кері байланысы бойынша өз жауаптарын тексеріп, толықтыру қажет болғанда дәптерлеріне жазады.

Оқушыларға бүгінгі күннің оқу мақсаты таныстырылады, оқу мақсатынан жетістік критерийін оқушылар өздері құрастырып шығарады. Жетістік критерийіне жету үшін зертханалық жұмыс жасалатындығы ескертіледі және оқушыларға зертханаға қажетті құрал-жабдықтар үлестіріледі. (егер зертханаға қажетті заттар болмаған жағдайда видеоматериал көрсетуге болады)

Топтық жұмыс.

Одан әрі жұмыс істеу үшін оқушылар есімдері жазылған таяқшалар арқылы бөлінеді. Тәжірибелерді орындап, нәтижелерді жұмыс парағына енгізеді.

Оқушылар қалайы, қалайы (ІІ) хлоридінің ерітіндісі, қорғасын және қорғасын (ІІ) нитратының ерітінділерін әртүрлі кеңінен қолданылатын реактивтермен реакциялар жүргізеді:

Келесі қалайы реакциялары:

  • сұйылтылған тұз қышқылымен
  • күкірт қышқылы ерітіндісімен
  • азот қышқылы ерітіндісімен
  • концентрацияланған қышқылдармен
  • демо натрий гидроксидінің концентрацияланған ерітіндісімен (демонстрация).

Хлорид қалайы (II) ерітіндісінің реакциясы:

  • натрий гидроксиді
  • мүсәтір спиртімен
  • мырыш металлымен
  • калий дихроматының қышқылданған ерітіндісімен
  • калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі (мектеп зертханасында болуы бойынша)

Презентация

Қосымша 1

Жұмыс парағы

Қорғасын (ІІ) нитраты мен калий йодиді арасындағы реакция:

http://www.youtube.com/watch?v=tQ_sJTQAnRM

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/silver-and-lead-halides

35-40 минут

Оқушылар жүрген реакция теңдеулерін және бақылауларын топта талқылап, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды шығарады. Қорытындыны әр топ кем дегенде 3 сөйлеммен жеткізеді. Мұғалім оқушылардың жауабын тыдап, қажет болса толықтыру жасайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!