Топ элементтерінің тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтары. №1 Лабораториялық жұмыс «Қалайы мен қорғасын және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1A Элементы 14 (IV)-группы

Мектеп: Атырау қ., ХБН НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Косанов Р

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топ элементтерінің тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтары. №1 Лабораториялық жұмыс «Қалайы мен қорғасын және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.3 14(ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіре алу;

 Сабақ мақсаттары

  • топ ішінде жоғарыдан төмен бағытта элементтердің төмен тотығу дәрежелерінің өзгеру заңдылығын (атомның ядро зарядтары артқан сайын) білу және түсіну
  • Топтағы тотығу дәрежелерінің өзгеруіне сәйкес иондық байланыстың түзетінін сипаттау
  • Сулы ерітінділердегі (II) және (IV) тотығу дәрежелерін көрсететін қосылыстардың тұрақтылығын салыстыру

 Жетістік

 критерийлері

 

 Білу

 Түсіну

 Қолдану

Оқушылар жетеді, егер:

- Тотығу дәрежелері (ІІ) және (IV) болатын топ элементтеріндегі заңдылықтарды біледі және түсіндіре алады;

- Сулы ерітінділедің тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстардың тұрақтылығын салыстырады және түсіндіреді;

- Тотығу дәрежесіне негізделе отырып кейбір қосылыстардың қасиеттеріндегі ерекшеліктерді түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

металл, бейметалл, металлоидтер, электрондық жұптың инерттігі, ионды, ковалентті, гидролиз, тетраэдрлі, ауыр металдар, (бей-) металдық, (электр және жылу) өткізгіштігі, құрамдас, тенденция, қасиеттері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қорғасын қосылыстарында .......... және .......... тотығу дәрежелерін көрсетеді.

14-топ элементтерінде ....................... қарай +2 тотығу дәрежесіне ие қосылыстардың ............................... артады.

Қорғасын тетрахлориді қопарылыс бере ыдырайды, себебі ..................... дәрежесіне ие қосылысы ................................. .

 Құндылықтарды

 дарыту

Жеке жұмыстар арқылы өмір бойы оқуға баулу

Жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың бойында көшбасшылық қабілеттерді дамыту, ындымақтастықтың, бірін-бірі тыңдай білудің маңыздылығын ұғындыру, баулу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Физика, биология

 АКТ қолдану

  дағдылары

Онлайн бейне роликтер мен презентация арқылы мәліметтер тарату, сұрақ-жауаптар.

Бастапқы білім

14 топ элементтерінің таралуы мен физикалық және химиялық қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

0-3 минут

4-7 минут

Сабақ басында:

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

Оқушыларға өткен сабақта берілген үй тапсырмасының жауабын тақтадан көрсету арқылы өздеріне бағалату.

Ол тапсырмадан басқа ауызша сұрақ –жауап диаглог жүргізу:

  • Тапсырма. 14 топ элементтерінің электрөткізгіштік қасиеттерінің топ бойынша өзгеру заңдылығының себебін түсіндіріп, тұжырым шығарыңыз.

Оқушылардың жұмыстарын мұғалім бағалау парағы арқылы бағалап отырады, оқушылардың дәптерлеріне кері байланыс жүргізіп отырады.

Бағалау критерийлері:

* 1-тапсырма.

- 14-топ элементтерінің электрөткізгіштік қасиетінің топ бойынша өзгеруін біледі;

- 14-топ элементтерінің электрөткізгіштік қасиетінің топ бойынша өзгеруін түсіндіре алады;

Слайд 1

Презентация

Слайд 2

Слайд 3

Бағалау парақшасы 1

Бағалау парақшасы 1

Сабақтың ортасы

8-10 минут

10-15 минут

15-20 минут

20-25 минут

Оқушылар өткен сабақты еске түсіріп жаттығу орындап болған соң бүгінгі күннің жаңа тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларға кремний немесе германийдің жартылай өткізгіштік қасиетін арттыру үшін не істеуге болады деген мәселелі сұрақ қойылады. Оқушылардың болжамдары тыңдалған соң мұғалім өзі толықтырып түсіндіреді.

Жауабы: яғни ол үшін 3 немесе 5 топ элементтері қосылады. Егер 3 топ элементтері қосылатын болса 14 топ элементтерінің сыртқы қабаттағы 4 электроны толық байланыспай 1 электрон бос қалады, ал егер 5 топ элементтерін қосса 4 электрон толық байланысып 1 электрон бос қалады, сол бос қалған электрон дилакализацияланған электрон болып электр өрісін тудырады. Сол кезде металлоид кремнийдің металдық қасиеті көбейіп, электр тогын өткізу қабілеті артады.

Талқылау

Көрсетілім. «Қалайы және қорғасынның химиялық қасиеттері»

Қалайы және қорғасын орташа белсенді металл болғандықтан қышқылдармен реакцияға түседі.

Біз сіздермен осы екі металдың азот қышқылымен реакциясын іс-жүзінде жүргізіп көрейік:

Реактивтер: конц HNO3 Pb, Sn түйіршіктері, сынауықтар, спиртшам және қысқыш.

Презентация

-жаңа сабақ тақырыбы

- оқу мақсаты

- сабақ мақсаты

Көрсетілім:

Сабақтың соңы

26-30 минут

30-40 минут

Бекіту сұрақтарына жауап беру

Талқылау

Бекіту сұрағын талқылау

14-топ тетрахлоридтерінің балқу температураларының не үшін төмен екенін түсіндіріңіз.

Жауабы:

  • қарапайым молекулалық ковалентті құрылымға ие;
  • молекулааралық күштер – Вандер-Вальс күштері
  • Вандер-Вальс күштері әлсіз – ол байланысты үзуге аз энергия жұмсалады

Оксидтеріндегі өзгерістер мен олардың себептері

16-слайд

Оксидетріндегі өзгерістер

17-21-слайд

2 сабақ

Сабақтың басы

0-15 минут

15-20 минут

Мұғалімнің түсіндіруі мен қосымша сұрақтарға жауаптар алу, талқылау

Маңызды мәліметтерді оқышулар дәптерге жазып отырады.

Тотығу дәрежесінің топ бойынша өзгеру заңдылығын қорытып шығару.

Оқушыларға 14 топ бойынша «Есте сақта!» парағы үлестіріліп дәптерлеріне жабыстырылады.

Слайдтар 22-28

Тақтамен және дәптермен жұмыс

Қима қағаз, желім

(қосымша 2)

Ортасы

20 – 25 минут

25-30 минут

Сұрақ.

Көміртек диоксиді мен кремний диоксидінің физикалық қасиеттері әртүрлі. Көміртек диоксиді газ, ал кремний диоксиді қатты.Неліктен СО2 газ күйінде, ал SiО2 қатты күйінде кездеседі?

Дұрцс/бұрыс тапсырмасы

Тапсырмалар

True

False

1

Германий – жартылай өткізгіш

2

СCl4 салыстырғанда SiCl4 термотұрақты

3

Қорғасын (IV) хлориді бөлме температурада қорғасын (IІ) хлориді мен хлор газына ыдырайды.

4

Топ бойынша төмен қарай s2 электронның байланысқа түспейтін тенденциясы артады

(жұп инертті эффект)

5

Sn+4 > Sn+2 қарағанда анағұрлым тұрақты

6

Көміртек моноксиді күшті тотықсыздандырғыш себебі С+2 → C+4 оңай тотығады

7

SnO, PbO2 , GeO екідайлы қасиет көрсетеді

Презентация

Слайд 29-30

Сабақтың соңы

30-37 минут

38-40-минут

Бекіту сұрағы. Оқулықпен жұмыс. (авторы: Norris Roger 359-360 бетЁ

33-слайдтағы тапсырма

Оқушылар тапсырманы орындап болғасын жауабымен талқылау.

Кері байланыс. талқылау

Үй жұмысы.

Қосымша 2

33-34-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?