Полипептидтер құрылымын анықтау. Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты – жөні _______________________Сынып: ______ Күні ________

Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»

ОМ: 11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;

11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;

Құрал – жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы, мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі

Жұмыс барысы:

1-тапсырма

Биурет реакциясы

Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, содан кейін 10% сілті ерітіндісінің 10 тамшысын құйыңыз. 1-2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін қосып, қоспаны араластырыңыз. Қызыл-күлгін бояу пайда болады.

2-тапсырма

Ксантопротеин реакциясы

Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін құйыңыз және сынауық қабырғасымен мұқият 3-4 тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңыз. Қоспаны абайлап қыздырыңыз. Сары түсті тұнба түседі. Салқындағаннан кейін сынауыққа 10 тамшы NaOH 30% ерітіндісін абайлап қосыңыз, сары бояу қызғылт сары түске ауысады.

3- тапсырма

Құрамында күкірті бар амин қышқылдарына реакция (Фоль реакциясы).

Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, 5 тамшы 30% сілті ерітіндісін және 2 тамшы қорғасын ацетаты ерітіндісін араластырыңыз. Қоспаны спиртшаммен қайнағанға дейін абайлап қыздырыңыз және қайнатыңыз. Біраз уақыттан кейін қоңыр-қара немесе қара бояу пайда болады.

4- тапсырма

Нингидриндік реакция.

Сынауыққа жұмыртқа ақуызының 5 тамшысы енгізеді, 3 тамшыдан 0,5 %-дық нингидрин ерітіндісін қосады және қайнағанға дейін қыздырады. 2-3 минуттан кейін қызғылт, қызыл, содан кейін көк-күлгін бояу пайда болады.

5- тапсырма

Ақуыз денатурациясы

А) Екі сынауықтың біріне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне ақуыз ерітіндісінен 4-5 тамшы тамызыңдар. Екеуінде де ақ тұнба түзіледі. Түзілген тұнбаға су қосып, шайқаңдар. Тұнба ерімейді.

B) Жұмыртқа нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып, қайнағанға дейін абайлап қыздырыңдар.

Түзілген тұнбаға су қосып шайқаңдар.

Тапсырма №

Реакцияның жүру барысы

Байқалған құбылыс

Қорытынды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?