Полипептидтер құрылымын анықтау. Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2B Тірі ағза химиясы | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Полипептидтер құрылымын анықтау. Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары» | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау; 11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар біледі: ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасай алады; ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасай алады; Көпшілік оқушылар біледі: Түсті реакциялардың көмегімен кейбір ақуыздарды анықтай алады. Кейбір оқушылар біледі: нәруыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстарды біледі | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттары | Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ақуыздардың көбісі ………………көмегімен анықталады. Оларға ксантопротеиндік реакция және биуреттік реакция жатады. Ксантопротеиндік реакция – зерттелетін затқа ...........................қосқанда сары түсті тұнбаның түзілуі ақуыздың бар болғанын білдіреді. Биурет реакциясы – зерттелетін заттарды натрий немесе калий гидроксидтерімен, мыс (II) сульфатымен өңдегенде, ……….. түсті болса, онда ол зат ақуыз құрайды. | |||||||||||
Құндылықтардыдарыту | Ұлттық интеллектісі, еңбеккорлық, тәртібі, сөйлеу мәдениеті, тыңдау мәдениетті | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, видеоматериал | |||||||||||
Бастапқы білім | 9.4.3.27 -нәруыздағыα- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру; 9.4.3.28 -нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу; 9.4.3.29 -нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру; | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Тест жұмысы:
A.Бірінші реттік құрылым B.Екінші реттік құрылым C.Үшінші реттік құрылым
A.Бірінші реттік құрылым B.Екінші реттік құрылым C.Үшінші реттік құрылым | |||||||||||
Сабақтың ортасы | Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары» ОМ: 11.5.1.25 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау; 11.5.1.26 ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау; Құрал – жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы, мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі Жұмыс барысы: 1-тапсырма Биурет реакциясы Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, содан кейін 10% сілті ерітіндісінің 10 тамшысын құйыңыз. 1-2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін қосып, қоспаны араластырыңыз. Қызыл-күлгін бояу пайда болады. 2-тапсырма Ксантопротеин реакциясы Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін құйыңыз және сынауық қабырғасымен мұқият 3-4 тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңыз. Қоспаны абайлап қыздырыңыз. Сары түсті тұнба түседі. Салқындағаннан кейін сынауыққа 10 тамшы NaOH 30% ерітіндісін абайлап қосыңыз, сары бояу қызғылт сары түске ауысады. 3- тапсырма Құрамында күкірті бар амин қышқылдарына реакция (Фоль реакциясы). Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, 5 тамшы 30% сілті ерітіндісін және 2 тамшы қорғасын ацетаты ерітіндісін араластырыңыз. Қоспаны спиртшаммен қайнағанға дейін абайлап қыздырыңыз және қайнатыңыз. Біраз уақыттан кейін қоңыр-қара немесе қара бояу пайда болады. 4- тапсырма Нингидриндік реакция. Сынауыққа жұмыртқа ақуызының 5 тамшысы енгізеді, 3 тамшыдан 0,5 %-дық нингидрин ерітіндісін қосады және қайнағанға дейін қыздырады. 2-3 минуттан кейін қызғылт, қызыл, содан кейін көк-күлгін бояу пайда болады. 5- тапсырма Ақуыз денатурациясы А) Екі сынауықтың біріне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне ақуыз ерітіндісінен 4-5 тамшы тамызыңдар. Екеуінде де ақ тұнба түзіледі. Түзілген тұнбаға су қосып, шайқаңдар. Тұнба ерімейді. B) Жұмыртқа нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып, қайнағанға дейін абайлап қыздырыңдар. Түзілген тұнбаға су қосып шайқаңдар. Жұмыс нәтижелерін қорытындылап, дәптерге жазу. | |||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс БББ кестесін толтыру
| |||||||||||
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ал аотырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылаалады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?