Ақуыз. Ақуыз молекулаларының құрылымы. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
А оқушы. Мәтіндерге атау беріңіздер
____________________ Олар біздің ағзамыздың барлық функцияларын атқарады. Бұлшық еттің түзілуінен бастап, оттегі тасымалы мен шаш пен тырнақтың қалыптасуына дейін. Олар - біздің ас мәзіріміздің негізгі бөлігі. Ақуыздар ас мәзірінің 10-15%-ын құрауы қажет. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақтар және жаңғақтар –ақуызға бай өнімдер.
_______________________ Ақуыздың мыңдаған түрлері болғанымен де, олардың барлығының құрамында көміртек, сутегі, оттегі және азот бар. Бұл атомдар «аминқышқылдар» деп аталатын негізгі бірліктер түзеді. Олар бір-бірімен ұзын тізбек түрінде байланысып, ақуыз полимерін құрайды. Аминқышқылдар – ақуызды құраушылар. Ақуыз тізбектері 50-2000 аминқышқылдарынан құралады. Аминқышқылдардың 22 түрі бар. Олар өзара әртүрлі жолмен байланысып, ақуыздың алуан түрлерін түзеді. Олардың сегізі – ауыстырылмайтын аминқышқылдар. Біздің ағзамыз оларды өздігінен түзе алмайды, сол себепті олар ас құрамында болуы тиіс. Ауыстырылмайтын аминқышқылдар: Адам ағзасы оларды синтездей алмайды. Ас мәзірі арқылы қабылданады. Ақуызға бай тағамдарды жеген кезде, біздің ас қорыту жүйеміз полимердің көп мөлшерін аминқышқылдарға дейін ыдыратады. Бұл процесті асқазандағы тұз қышқылы бастап, асқазан мен ішекте болатын протеаза ферменті жалғастырады. Одан кейін аминқышқылдар қан құрамынан ағзадағы жасушаларға сіңіріліп, басқа жолмен біріге бастайды. Полимер тізбектері күрделі үш өлшемді құрылымдарға жиналып, әртүрлі форма түзеді. Бұл ерекше үлгілер әр ақуыздың өзіне ғана тән қасиеттерін анықтайды.
_______________________ Адам ағзасында жүретін әр процеске ақуыздың бірнеше түрі қатысады. Олар суды санамағанда біздің денеміздің басым бөлігін құрайды. Ақуыздар зат алмасуына, ағзаның қалпына келуі мен өсуіне өте қажет. Олар - гормондар сияқты иммундық жүйенің ажырамас бөлігі. Біз қабылдайтын ақуыздың жартысы биологиялық реакцияларды бақылайтын маңызды катализатор – ферменттерді түзу үшін қолданылады. Ас мәзіріндегі ақуыздар, сондай-ақ энергия көзі болып табылады. Осылайша, біз ағзамызға ақуыздың қажетті көлемде келуін қадағалауымыз қажет.
В оқушы. Бос орындарға тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Ақуыздар. Олар біздің ағзамыздың барлық функцияларын атқарады. Бұлшық еттің түзілуінен бастап, оттегі тасымалы мен ___________ пен _________________ қалыптасуына дейін. Олар - біздің ас мәзіріміздің негізгі бөлігі. Ақуыздар ас мәзірінің 10-15%-ын құрауы қажет. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақтар және жаңғақтар –ақуызға бай өнімдер.
Құрылымы. Ақуыздың мыңдаған түрлері болғанымен де, олардың барлығының құрамында көміртек, сутегі, оттегі және азот бар. Бұл атомдар ___________________________ деп аталатын негізгі бірліктер түзеді. Олар бір-бірімен ұзын тізбек түрінде байланысып, ақуыз полимерін құрайды. Аминқышқылдар – ақуызды___________________. Ақуыз тізбектері 50-2000 аминқышқылдарынан құралады. Аминқышқылдардың 22 түрі бар. Олар өзара әртүрлі жолмен байланысып, ақуыздың алуан түрлерін түзеді. Олардың сегізі – ____________________________ аминқышқылдар. Біздің ағзамыз оларды өздігінен түзе алмайды, сол себепті олар ас құрамында болуы тиіс. Адам ағзасы оларды синтездей алмайды. Ас мәзірі арқылы қабылданады. Ақуызға бай тағамдарды жеген кезде, біздің ас қорыту жүйеміз полимердің көп мөлшерін аминқышқылдарға дейін ыдыратады. Бұл процесті асқазандағы тұз қышқылы бастап, асқазан мен ішекте болатын ___________________ ферменті жалғастырады. Одан кейін аминқышқылдар қан құрамынан ағзадағы жасушаларға сіңіріліп, басқа жолмен біріге бастайды. Полимер тізбектері күрделі __________________________ құрылымдарға жиналып, әртүрлі форма түзеді. Бұл ерекше үлгілер әр ақуыздың өзіне ғана тән қасиеттерін анықтайды.
Функциясы. Адам ағзасында жүретін әр процеске ақуыздың бірнеше түрі қатысады. Олар ____________________ санамағанда біздің денеміздің басым бөлігін құрайды. Ақуыздар зат алмасуына, ағзаның қалпына келуі мен өсуіне өте қажет. Олар - __________________ сияқты иммундық жүйенің ажырамас бөлігі. Біз қабылдайтын ақуыздың жартысы биологиялық реакцияларды бақылайтын маңызды катализатор – ___________________________ түзу үшін қолданылады. Ас мәзіріндегі ақуыздар, сондай-ақ ____________________ көзі болып табылады. Осылайша, біз ағзамызға ақуыздың қажетті көлемде келуін қадағалауымыз қажет.
Керекті сөздер: ферменттерді, аминқышқылдар, үш өлшемді, шаш, құраушылар, ауыстырылмайтын, суды, тырнақтың, энергия, гормондар, протеаза.
С оқушы. Мәтінді аяқтаңыздар.
Ақуыздар. Олар біздің ағзамыздың барлық функцияларын атқарады. Бұлшық еттің түзілуінен бастап, оттегі тасымалы мен шаш пен тырнақтың қалыптасуына дейін. Олар - біздің ас мәзіріміздің негізгі бөлігі. Ақуыздар ас мәзірінің 10-15%-ын құрауы қажет. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақтар және жаңғақтар –ақуызға бай өнімдер.
Құрылымы. Ақуыздың мыңдаған түрлері болғанымен де, олардың барлығының құрамында көміртек, сутегі, оттегі және азот бар. Бұл атомдар «аминқышқылдар» деп аталатын негізгі бірліктер түзеді. Олар бір-бірімен ұзын тізбек түрінде байланысып, ақуыз полимерін құрайды. Аминқышқылдар – ақуызды құраушылар. Ақуыз тізбектері 50-2000 аминқышқылдарынан құралады. Аминқышқылдардың 22 түрі бар. Олар өзара әртүрлі жолмен байланысып, ақуыздың алуан түрлерін түзеді. Олардың сегізі – ауыстырылмайтын аминқышқылдар. Біздің ағзамыз оларды өздігінен түзе алмайды, сол себепті олар ас құрамында болуы тиіс. Ауыстырылмайтын аминқышқылдар: Адам ағзасы оларды синтездей алмайды. Ас мәзірі арқылы қабылданады. Ақуызға бай тағамдарды жеген кезде, біздің ас қорыту жүйеміз полимердің көп мөлшерін аминқышқылдарға дейін ыдыратады. Бұл процесті асқазандағы тұз қышқылы бастап, асқазан мен ішекте болатын протеаза ферменті жалғастырады. Одан кейін аминқышқылдар қан құрамынан ағзадағы жасушаларға сіңіріліп, басқа жолмен біріге бастайды. Полимер тізбектері күрделі үш өлшемді құрылымдарға жиналып, әртүрлі форма түзеді. Бұл ерекше үлгілер әр ақуыздың өзіне ғана тән қасиеттерін анықтайды.
Функциясы.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұптық жұмыс. Адам ағзасындағы ақуыздың атқаратын функциясы қандай?
Түрі | Қызметтері | Мысалы (қай ақуыз?) |
1. Катализдік | ||
2. Тасымалдаушы | ||
3. Қорғағыштық | ||
4. Құрылымдық | ||
5. Реттегіш | ||
6. Қоректік |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?