Ақуыз молекуласының құрылысы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

11.2 В Ароматты қосылыстар қатары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ақуыз молекуласының құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.23 ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдарының құрамы мен қасиеттеріне тәуелді екенін біледі;

Көпшілігі:

- ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдарының құрамы мен қасиеттеріне тәуелділігін анықтайды;

Кейбір оқушылар:

- аминқышқылдарының сандық және сапалық құрамының ақуыз қасиеттеріне тәуелділігіне дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

- ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдарының құрамы мен қасиеттеріне тәуелділігін анықтайды;

- ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдарының құрамы мен қасиеттеріне тәуелділігін сипаттайды;

- аминқышқылдарының сандық және сапалық құрамының ақуыз қасиеттеріне тәуелділігіне дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- сыныптастарын өзара оқыту (зерттеулеріне тәуелді), сонымен қатар, түсініктеме беруін сұрайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология

Үшінші реттік құрылым

 нәруыз, пептид, гидролиздейді, гидролиз, спираль, спиральдар, ферменттер, ингибидрлеуші әрекет, ингибитор

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Нәруыз (үшінші реттік құрылым) үлгісі...шартталған.

 Тартылған әрекетер ...

 Бұл өзара әрекеттердің нәтижесі ... болып табылады.

Мұнымен не айтқыңыз келеді?

 Мен мүлде түсінбей отырмын ...

 Түсіндіре аласыз ба ...?

Құндылықтарды дарыту

Сыни ойлауды дамыту, топта қарым-қатынас жасай алу, бірін-бірі құрметтеу, өздігінен жұмыс жасау, өзін-өзі жетілдіру, уақытты тиімді пайдалануды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Биология

Алдыңғы білім

11.1A Атом құрылысы

11.1C Байланыс

11.2A Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

3-6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Стартер:

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Білімді жаңғырту.

Ақуыздың атқаратын қызметтері қандай?

Адам өмірінде ақуыз қандай рөл атқарады?

Ақуыздар неден құралған?

Ақуыздардың қасиеті неге байланысты?

Фермент, антидене, гормон, гемоглобин және мембраналық ақуызға не ортақ?

Ақуыздардың пішінін не анықтайды?

7-20

21-30

31-37

Жаңа тақырыпты меңгеру

Топпен жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөлу

1 топ: ақуыздардың ерігіштігін зерттеп, постер қорғайды.

Оқушыларға таратпа материалдар беріледі.

Ақуыздардың ерігіштігі.

Ақуыздардың құрамында (-ОН, -СООН, NH2 және т.б.) гидрофильдік топтар болғандықтан, олар суда жақсы ериді.

2 топ: ақуыздың екідайлылығын зерттеп, постер құрастырады.

Ақуыздардың екідайлылығы туралы таратпа материал

Екідайлылығы

Ақуыздардың құрамында қышқылдықта, негіздікте амин қышқылдары да болғандықтан, молекулада әрдайым бос қышқылдық және бос негіздік топтар болады (сәйкесінше COO- және NH3 +). Заряд негіздік және қышқылдық аминқышқылдарының топтарының қатынасы арқылы анықталады. Осы себепті ақуыздар рН төмендесе «+», ал рН жоғарылаған жағдайда «-» зарядталады. Егер рН изоэлектрлік нүктеге сәйкес келетін болса, ақуыз молекуласында нөлдік заряд болады. Екідайлылық биологиялық функцияларды жүзеге асыру үшін маңызды, оның бірі қандағы рН деңгейін ұстап тұру.

3 топ: Ақуыз денатурациясы, постер құрастыру

Ақуыз денатурациясы туралы таратпа материал:

  • Денатурация

Денатурацияның физика-химиялық қасиеті - бірқатар факторлардың әсерінен: температура, спирттің әсер етуі, ауыр металдардың тұздары, қышқылдар және басқа химиялық заттар әсер етуінен, ақуыз молекуласының екіншілік, үшіншілік құрылымының бұзылу процесін сипаттайды.

Топ мүшелерінің өздеріне берілген тақырыпты постер түрінде қорғауы

Бағалау критерийлері:

- зерттеу тақырыбының анықтамасын білу

- қол жетімді химиялық тілде материалды түсіндіру

- берілген қасиеттің ақуыз құрылымына тәуелділігін көрсету

- топ мүшелерінің толықтай қатысуы

- 3 минут уақыт ережесін сақтау

- қосымша сұрақтарға жауап беру

- эстетикалық безендірілген постер

Әр топтың басқа екі топ үшін бағалау кестесі бойынша кері байланыс береді.

Мұғалімнің қорытындылауы.

Оқу мақсатына оралу.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?