Крахмалға сапалық реакциялар. Дисахаридтер мен полисахаридтердің гидролизі реакциялары. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Крахмалға сапалық реакциялар. Дисахаридтер мен полисахаридтердің гидролизі реакциялары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.9 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;

11.5.1.10 - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;

 Сабақ мақсаттары

-қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып химиялық реактивтермен жұмыс жасау дағдыларын, зерттеу, салыстыра білу дағдыларын дамыта отырып крахмалға сапалық реакция жасау;

-сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизін жүргізе отырып, реакция өнімдерін атау;

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: крахмалдың сапалық реакциясын біледі

Көптеген оқушылар: крахмал, сахароза, целлюлоза гидролизі өнімдерін біледі, атайды.

Кейбір оқушылар: деңгейлік тапсырмаларды орындайды

 Тілдік мақсаттар

 

Крахмал, крахмалға сапалық реакция, сахароза гидролизі, целлюлоза

Құндылықтарды дарыту

 

 

Өмір бойы оқу:

Сабақ мақсатын біледі және түсінеді;

Тиімді жұмыс түрін таңдайды, мәліметтерді анықтаудың жолдарын біледі.

Өзіне және өзгеге деген құрмет:

Топтық жұмыс арқылы– ұжымдастыққа, ортақ істің нәтижесі үшін жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, экология және т.б.

Бастапқы білім

құрамында ақуыз, май және көмірсулар бар тағамдарды білу;

көмірсулардың (қант пен крахмалдың) құрамын тексере білу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Ой қозғау

(І) Целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу. Ол өсімдіктерде көп болады. Мысалы, картоп түйінінде 20%, бидай дәнінде 70%, күріш дәнінде 80% болады. Аса маңызды тағамдық зат. БҰЛ - ...... .

Сабақтың ортасы

2-5 мин

5-15 мин

15 -20 мин

20-25 мин

25-30мин

30-35 мин

35-37 мин

(W) фронтальды сауалдар:

1. Крахмал туралы тағы не білеміз?

Мұғалімнің толықтыруы

* Крахмал  – табиғи полимер екі полисахаридтен: 10-20 пайыз амилоза, 80-90 пайыз амилопектиннен тұрады. Оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n.

2. Крахмалға сапалық реакцияны қалай жүргізуге болады?

(төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіреді )

Олай болса Зертханалық тәжірибе

жүргіземіз.

«Крахмалға сапалық реакциялар»

Жұмыс мақсаты оқушылармен бірлесе анықталады.

Жұмыс барысы:

  • Пробиркаға аз мөлшерде крахмал ұнтағын салыңыз да, 4 мл су құйыңыз, бәрін шыны таяқшамен араластырыңыз да, қайнатыңыз. Алынған крахмал пастасын салқындатып, 1 тамшы йод ерітіндісін қосыңыз. Бақылауды жазып алыңыз.
  • Осы сынауықты қайта қыздырамыз.
  • Не байқалды? Қорытынды жазамыз.

Тағам өніміндегі крахмалды анықтау

Картопты немесе нанды алып, екіге бөлеміз.

  • Йод ерітіндісін тамызамыз.
  • Не байқағаныңды қорытындылап жазыңдар.

Бағалау критерийлері:

  • - қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тәжірибе жүргізу;
  • - крахмалға сапалық реакцияны білу;

- крахмалдың құрылымы мен қасиеттері туралы қорытынды тұжырымдау.

Дескрипторлар:

- крахмал клейстерін /желімін/ дайындайды;

-крахмалға йод тамыза отырып, байқалған өзгерісті жазып алады;

- крахмалды қыздырып, әрі қарай бақылау жүргізеді;

қорытынды жасайды.

(W) Activity 1

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу\ мәтінмен жұмыс (алдарына берілген тақташаға орындайды):

1 –топ: сахароза

2 –топ: крахмал

3 –топ: целлюлоза гидролизінің реакция теңдеулерін жазып, реакция өнімдерін атайды.

Бағалау критерийлері:

- көмірсулар гидролизінің реакция теңдеулерін жазу;

  • -гидролиз өнімдерін атау;
  • -тақтаға презентациялау;
  • Бағалау түрі:
  • -бірін-бірі бағалау.

Дескрипторлар:

- әр топ сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция теңдеулерін жазады;

- түзілген өнімдерді атайды.

(W) Activity 2

Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрыңдар:

Дескриптор:

-реакция теңдеулерін құрады;

-теңестіреді.

(I) Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей:

*Картоптағы крахмалдың салмақтық үлесі 20 пайыз. Егер өнімнің шығымы 50 пайыз болса, 891 кг картоптан алынатын глюкозаның массасын анықтаңдар. (99 кг)

*Картоптан крахмал алу әдісін ұсыныңыздар.

В\С деңгей:

* Егер 7,2 г глюкоза алынса, гидролиз реакциясына түскен сахарозаның массасын анықтаңдар.( 13,68 г)

*Келесі өзгерістерді жүзеге асырыңыз:

Крахмал → глюкоза → май қышқылы → май қышқылының натрий тұзы

Бекіту:

  • Крахмал гидролизінің аралық және соңғы өнімдерін атаңыз.
  • Целлюлозаның толық гидролизінің жиынтық теңдеуін бейнелеңіздер.
  • Сахароза гидролизі нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?
  • Крахмал  – табиғи полимер, ол қандай екі полисахаридтен тұрады?
  • Амилоза деген не?

Сабақ мақсатын бекіту:

- крахмалға сапалық реакцияны қалай жасайды;

- сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атаңыз;

Қосымша 1

Қосымша 2

Крахмалға сапалық реакция

https://www.youtube.com/watch?v=44lcqT6hod4

Крахмал гидролизі

http://orgchem.ru/chem6/vid/krahm.htm

Cахарозаның қышқылдық гидролизі

https://www.youtube.com/watch?v=HSSEZtclJLk

Целлюлозаның қышқылдық гидролизі

https://www.youtube.com/watch?v=R6NYeZmQhZw

қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Үй тапсырмасы

Крахмал қолданылуына монокластер құрыңыз, крахмалдың биологиялық рөлін түсіндіріңіздер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Кремнийдің маңызды қосылыстарымен танысады және олар туралы оқу мақсатына сай ақпараттар біледі.

Көптеген оқушылар:

Кремнийдің оксиді және карбиді туралы жан-жақты ақпараттарға ие болады және оларды салыстырмалы түрде талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын толыққанды түсінеді және өздерінің түсінгендерін өзге құрбыларына түсіндіріп бере алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?