Карбон қышқылдарының қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
11.1 B Карбонилді қосылыстар | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің А.Ә.Т: | ||||||
Сыныбы: 11 | Қатысушылар саны: | Қатысушылар саны: | |||||
Тақырыбы: | Карбон қышқылдарының қасиеттері. | ||||||
Оқу мақсаты: |
| ||||||
Сабақтың мақсаты: | Молекула құрамында CO2H-топтың болуы қосылыстардың карбон қышқылына жататынын білдіретінін білу, гомологтары мен карбон қышқылына тән изомерлерін құрастырып ИЮПАК бойынша атау. | ||||||
Тілдік мақсат:
| Оқушылар: карбон қышқылдарының құрамын сиппаттайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология карбон қышқылы, карбоксил тобы, сірке қышқылы, қышқылдық қасиет Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Карбон қышқылдары сұйық агрегаттық күйге ие, өйткені...... Карбон қышқылдары бейорганикалық қышқылдармен ортақ қасиеттерге ие, себебі..... | ||||||
Бағалау критерийі | Оқушылар: Карбон қышқылдарына ИЮПАК бойынша атау береді; Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін сипаттайды; | ||||||
Дескриптор | -Оттекті органикалық қосылыстардың ішінен карбон қышқылдарын ажыратады; -Карбон қышқылдарын дұрыс атайды; -Карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын дұрыс құрастырады; -Органикалық заттардың қайнау температураларының молекулалық массаға тәуелділігін сипаттайды. | ||||||
Алғашқы білім: | Көміргеті қосылыстары 1 (6.3c) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4b) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3a) Көмірсутектері (10.3B) | ||||||
Құндылықтармен байланыс | Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары. | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||
0-2 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбын анықтау, сабақ мақсатымен таныстыру | Слайд №1-2 | |||||
3 -15 мин 16-25 мин 25-35 мин | Карбон қышқылына анықтама беру, құрамындағы функционалдық топтарға тоқталу, жіктелуін білу. Карбон қышқылдары – алкилді топпен -R байланысқан функционалды карбоксил тобынан -COOH тұратын органикалық қосылыстар тобы. Карбоксил тобы екі функционалдық топтан тұрады: карбонил және гидроксил топтары. Карбон қышқылдарының номенклатурасы Карбон қышқылдарының атауы «қышқыл» сөзінің қосылуымен негізгі алкандары атауының туындысы. Нөмірлеуді ең ұзын тізбектегі карбоксилді топтан тұратын көміртек атомынан бастайды. Карбоксил топты орынбасар ретінде қарастырады. Тармақталған және алмастырылған қышқылдар номенклатурасы: Тармақталған және алмастырылған қышқылдар үшін негізгі қышқыл атауы карбоксил тобынан тұратын ең ұзын тізбектің көміртек атомы санынан шығады. Карбон қышқылдарының изомериясы. Карбон қышқылдары үшін көміртек қаңқасының изомериясы, еселік байланыстың орналасуы, класаралық изомерия, кеңістіктік изомерия және функционалдық топтың орналасуы бойынша изомерия түрлері тән. Тапсырма №1 Қосылыстардың қайсысы карбон қышқылы екенін көрсетіңіз: Тапсырма №2 Төмендегі карбон қышқылдары қалай аталады? Тапсырма №3 Төмендегі бейнекөріністерді қарап, карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Тапсырма №4 Дескрипторлар:
| Слайд №3-8 бейнекөріністер Слайд №9-11 Слайд №17-22 Бейнекөріністер Таратпа материал | |||||
38-40 мин | Үйге тапсырма: Рефлексия. Кері байланысTalk Partners «сұхбаттасатын жұп» Жұбыңызбен: 3 үйренген нәрсе;
| Слайд №24 | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: физика, математика. Денсаулық және қауіпсіздік ережелері: АКТ Құндылықтарменбайланыс | |||||
Барлық оқушылар Карбон қышқылдарының гомологтік қатарынынан 4 мүшесінің формулаларын жазып, жалпы формуласын құрастыра алады. Көптеген оқушылар Карбон қышқылдарының изомерлерінің формулаларын дұрыс құрастырады. Кейбір оқушылар Карбон қышқылдарының гомологтарын анықтап, жалпы формуласын шығара алады. | Өзін-өзі бағалау, жұпаралық бағалау, дескрипторға сәйкес бағалау | АКТ қолдану дағдылары: Ұсынылған презентация мен видео роликтен керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру. |
W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті
G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі
f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?