Полимерлену. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Практикалық жұмыс № 13
«Полимерлерді тану»
Оқу мақсаты:
- синтетикалық полимердлердің заманауи өмірдегі маңыздылығын түсіну және олардан жасалған өнімдерін білу;
- поликонденсация арқылы алатын полимерлерлерге және олардың жалпы қолданылу аяларына мысалдар келтіру.
Жұмыс мақсаты: тәжірибе өткізіп, полимерлердің қасиеттеріне сүйене отырып кен қолданысы туралы жазбаларды жазу
Болжам:_______________________________________________________________________________________________________________________
Қауіпсіздік техникасы:
Задание: Берілген заттар қандай полимер болатындығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: _________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыс барысы:
- Пластмасса және талшықтарды анықтауды сыртқы түрінен бастау керек (түсі, қаттылығы, иілгіштігі және т.б.);
- Қыздыруда болатын өзгерістер тіркеледі, жану сипаты;
- Полимерлердің сілтілер ерітінділеріне реакциясы байқалады.
Полимерлерді тану үшін келесі кестені қолданыңыз.
Пластмасса қасиеттері | ||||
№ | Пластмасса | Сыртқы түрі | Қыздыруға қатынасы | Жану сипаты |
1 | полиэтилен | Жартылай мөлдір, иілгіш, жұмсақ, сипағанда майлы сезім береді, иісі жоқ. Жұқа пленкалар мөлдір және жұмсақ, түсі әртүрлі болады. | Қыздырғанда жұмсақталады, балқымадан жіпті созып жасауға болады. | Көкшіл түспен жанады, күйе жоқ, парафиннің әлсіз иісі. Жанғанда ерітінді тамшылары түзіледі, жалын көзісіз жану жалғасады. |
2 | капрон | Механикалық қатты. Түсі әртүрлі болуы мүмкін. | Қыздырғанда жұмсақталады (тамшылап ағады), балқымадан жіпті созып жасауға болады. Ыдырау өнімдері нашар иісті. | Жанбайды деп айтуға болады. |
3 | поливинилхлорид | Пленкалар иілгіш, механикалық қатты, түсі әртүрлі болады. Винипласттан жасалған заттар қаттырақ және қоныр түсті. | Қыздырғанда жұмсақталады, балқымадан жіпті созып жасауға болады. | Күйені көп бөледі, сынғыш қара шарды түзіп жанады. Хлорсутектін өткір иісі сезіледі, жалын көзісіз жанбайды. |
4 | полистирол | Әртүрлі түсті бола алады, мөлдір және мөлдір емес те бола алады. Қатты, сынғыш, тақылдатқанда сылдырлайды. | Қыздырғанда жұмсақталады, балқымадан жіпті созып жасауға болады. | Күйені көп бөледі, стиролдын күйдіргіш иісін бөледі, жалын көзісіз жану жалғасады.. |
5 | полимметилметакрилат | Салыстырмалы қатты, сынғыш емес. Барлық пластмассалардан ең мөлдірі. Сырттан полистиролға ұқсайды, сынғыш емес және сылдырламайды. | Қыздырғанда жұмсақталады. | Күйесіз жанады, жалынның шеттерінде көк түсті, ерекше шартылдаумен жанады. Өнімдердің ыдырау (өткір) иістерін шығарады. |
6 | фенопласт | Механикалық мықты, қатты заттар, жылтыр. Қара-қоңыр немесе қара түсті. | Қыздыруға тұрақты, тек жоғары температурада ыдыра бастайды. | Нашар тоттанады, жалынсыз сөнеді, фенол және формальдегид иісін таратады. |
7 | целлулоид | Түсі әртүрлі болуы мүмкін, иілгіш. | Қыздырғанша ыдырайды | Тез және жеңіл жанады, күл ізі қалады. |
Талшықтардың қасиеттері | ||||
№ | Талшық | Жануы | NaOH ерітіндісінің әсері, 10%-ы ерітінді | |
1 | вискоза | Тез жанады, жанған қағаз иісі. Күл іздері қалады. | Қатты бөртіп кетеді, ериді. Сабынданады. | |
2 | ацетатты | Тез жанады, сынғыш емес қара-қоныр түсті шар түзіледі. | Сарылау түс пайда болады | |
3 | мақта | Тез жанады, күйген қағаз иісі. Сұр түсті күл түзіледі. | Ериді, бөрте бастайды | |
4 | жүн, табиғи жібек | Баяу жанады, күйген қауырсын (құс жүні) иісі бар. Қара түсті сынғыш шар түзіледі, ұнтаққа езуге болады. | Ериді | |
5 | капрон | Балқиды, қаралау түсті жылтыр қатты шар түзеді, жағымсыз иіс береді. | Ерімейді | |
6 | лавсан | Күйе түзіп жанады, қара жылтыр шар түзіледі. | Ерімейді | |
7 | нитрон | Жанады, қаралау борпылдаған (рыхлый) жылтыр емес шар түзіледі. | Ерімейді (қыздырғанда қызарады) | |
8 | хлорин | Кішкентай күйесіз жалынмен жанады, қара сынғыш шар түзеді. Жалыннан тыс жанбайды. | Ерімейді |
Тәжірибе нәтижелері:
№ | Бақылау | Полимер аты |
Қорытынды (полимер және оның қолдану саласы арасында қатынасы туралы қорытынды жаса): ________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?