Полимерлену. Химия, 10 сынып, презентация.


«ЖҰМБАҚ СӨЗ»

ОЙЫНЫ

ПЭТ, ПП, ПВХ

ЖҚПЭ

ТҚПЭ

Поликарбонат

ПЭТ

Полиэстер или полиэфир

жібек

пластик?

Полимерлену

10.4.2.21 полимерлену реакциясының мәнін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Полимерлену реакциясының механизмін түсіну

Жетістік критерийлері

полимердің не екенін түсінуі қажет және оның түзілу механизмін түсіндіру.

Әртүрлі полимерлер үшін полимерлену дәрежесін есептеуді

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Этилен молекуласының моделін жинау

2. Осыдан кейін жасаған этиленді екі жұпқа, ары қарай төрт жұпқа біріктіру

3. Сұрақтарға жауап беру

Полимер денен не? ( алдағы жасаған тәжірибе негізінде анықтама бер)

Полимердің түзілу механизмін қалай көрсетуге болады?

Құрал-жабдықтары:

Шарөзекті моделдер жинауға арналған жинақ.

Полимер

молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір-бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады.

Полимерлердің формуласы

Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялануынан түзіледі. Бастапқы зат этилен – мономер деп, ал мономердің n молекуласы қосылса, полимер түзіледі («поли» – көп деген сөз).

Полимерлену механизмі:

1-саты-тізбектің басталуы

2-саты- тізбектің дамуы

3-саты-тізбектің аяқталуы

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар тізбекті шектеуге бола ма?

Есептер шығару

Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула – макромолекула деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны Р әріпімен белгілейді.

Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың молекулалық массасымен n) мынандай қатынаста болады:

Р = М/ m

мұнда, m – буынның молекулалық массасы.

1) Егер молекулалық массасы 50000 тең болса, полиэтиленнің полимерлену дәрежесі нешеге тең болатынын есепте.

2) Орташа массасы 60мыңға тең полиметилметакрилаттың полимерлену дәрежесін есепте.

3) Молекулалық массасы 56280 тең полиизобутилен алу кезінде изобутиленнің полимерлену дәрежесі нешеге тең болады?

4) тетрафторэтиленполимерленуі кезінде массасы 120000ға тең полимер алынды, оның полимерлену дәрежесін есепте.

5) Пропилен мен изобутиленнің сополимерленуі нәтижесінде молекулалық массасы 160000 тең полимер алынды, оның полимерлену дәрежесі нешеге тең?

Рефлексия

...................... білдім,

.........................үйрендім,

............. толық түсінбедім,

...................... жұмысты жалғастыру қажет

Сабақ соңында оқушылар көп нүктенің орынын толықтырып сөйлемді аяқтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?