Полимерлену. Химия, 10 сынып, презентация.


Полимерлену

10.4.2.21 полимерлену реакцияларының мәнін түсіндіру;

10.4.2.2.2 химиялық реагенттерге қатысты пластмассалардың салыстырмалы инерттілігін экспериментальды түрде дәлелдеу;

Полимер

Полимерлер (грек. "поли"—көп, "мерос"—бөлшек- молекуласы бірнеше қайталанып отыратын, бірдей құрылымдық буындардан тұратын жоғары молекулалы қосылыстар.

Мысалы, полиэтилен этиленнің полимерленуі нәтижесінде алынады: CH2=CH2

...-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-...

немесе (-CH2-CH2-)n

Стр 1

Макромолекула

Полимер молекуласы макромолекула деп аталады ( грек. "макрос" – үлкен, ұзын).

Макромолекуланың молярлық массасы 10 мың мен 100 мың атом бөлшектеріне дейін жетеді.

Стр 2

Полимерлердің түзілу әдістері

Мономерлерден полимерлерді синтездеу екі түрлі реакцияға негізделген: полимерлену және поликонденсация

Стр 3

Полимерлену

Полимерлену — мономерлердің активті орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу (nM(—M—)n) процесі.

Полимерлену - бұл тізбекті үрдіс және бірнеше сатыда жүреді:

1. Бастамашылық

2. Тізбекті өсу

3. Тізбектің үзілуі

Стр 4

Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.

Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін.

Сополимер

Егер полимердің құрылым буындары әр түрлі болса, онда сополимер деп аталады.

.

Стр 10

Поликонденсация

Поликонденсация реакциясы деп бірнеше мономерлердің бір-бірімен әрекеттескенде, қарапайым кіші молекулалы затты (көбіне суды) бөле отырып бірігуін айтамыз

n H2N-(CH2)5-COOH ® H-[-NH-(CH2)5-CO-]n-OH + (n-1) H2O;

n HOOC-C6H4-COOH + n HO-CH2CH2-OH ®

® HO-(-CO-C6H4-CO-O-CH2CH2-O-)n-H + (n-1) H2O

Стр 11

Пластмасс үлгілерін анықтау

Пластмассаларды анықтау

Қорытынды:

1- пакеттегі үлгі: полистирол

2- пакеттегі үлгі: поливинилхлорид

3- пакеттегі үлгі: полиэтилен

4- пакеттегі үлгі: фенолформальдегид

5- пакеттегі үлгі: полиметилметакрилат

6- пакеттегі үлгі: полипропилен

Полиэтилен

–(CH2-CH2)n

термопластикалы полимер. Қолмен ұстағанда май тәрізді білінетін ақ түсті зат. Сыртқы түрі жағынан парафинге ұқсас. Полиэтилен судан жеңіл, жаққанда күйесіз көгілдір түспен жай жанады, бөлме температурасында ешбір еріткіште ерімейді.

Оны жоғары қысымда және төменгі қысымда этиленді полимерлеу арқылы алады.

Полиметилметакрилат

–[CH2-C(CH3)CO2CH3]nтермопластикалық,

өте мөлдір, қатты зат, УК сәулелерді өткізеді. Ол

ацетонда, хлорлы көмірсутектерде, күрделі

эфирлерде ериді.

Полихлорвинил

–(CH2-CHCl)n

термопластикалы материал, механикалық беріктігі жоғары, жанбайды. Поливинилхлорид негізінде екі пластмасса алынады: винипласт, пластикат. Химиялық және құрылымдық зерттеулер арқылы полихлорвинилдің молекуласындағы хлор атомдары 1,3 жағдайларда орналасатыны анықталды:

....---СН2 – СН- СН2 – СН – СН2- ....

СI CI

Полистирол

–[CH2-CH(C6H5)]n

-термопластикалы полимер, мөлдір, қатты, шыныға ұқсас материал. Молекулалық массасы 250-350 мыңға дейін болады. Ауа қатысында қыздырғанда 1500С- та айырыла бастайды.

Полистиролдағы фенил топтары макромолекулада 1,3-жағдайларында орналасады:

...СН2-СН-СН2-СН-СН2-СН-

| | |

С6Н5 С6Н5 С6Н5

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?