Полимерлену. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Пластмассаның қасиетін зерттеу

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: электрөткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спиртшам, сіріңке, әртүрлі пластмасса: полиэтилен, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, фенолформальдегид пластмассасы, 20%-тік күкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий гидроксиді, бром суы, 0,1% -тік калий перманганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), суү

Жұмыстың орындалуы:

  • Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.
  • Пластмассаның химиялық қаксиеттерін трексеріңдер: а) сілті, қывшқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанаған кезде газ бөлінеме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).
  • Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. 337 беттегі 4 суретте көрсетілгендей етіп құралғы құрастырыңдар. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Түтікшенің басқа ұшын сумен суытылған таза сынауыққа салыңдар. Пластмассаны спиртшаммен қыздырыңдар. Пластмасса ыдыраған кездегі буы сынауыққа жиналады. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның деполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?

Пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттерін кестеге жазыңдар.

Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

Пластмассаларды анықтау

Пластмасса түрі

Қыздыруға қатысы

Жануға әсері

Жалынның түсі

Жану өнімдерінің иісі

Полиэтилен

Балқыған күйінде жіп тәрізді созылады

 Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды

Көкшіл жалынмен

Жанған парафиннің иісі шығады

Полипропилен

Жұмсарады

Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды

Көкшіл жалынмен жанады

Балауыз, резеңке

Поливинил-хлорид

Жұмсарады

Түтіндеп жанады. Жалыннан алса бірден жануын тоқтатады

Жасыл

Өткір,хлор

Полистирол

Жұмсарады, балқымасынан жіп созуға болады

Ыдырау өнімдерінде стиролға тән иісі бар, түтіндеп жанады, жалыннан алған соң да жана береді.

Сарғыш

Тәтті, гиацинт гүлді еске түсіретін

Пластмасса үлгілерін анықтау

Сыртқы

түрі

Жануға

әсері

Қыздыруға әсері

Қышқылдар мен сілтілерге қатынасы

Пластмассалардың атауы

Құрылымдық

буыны

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Пластмасса үлгілерін анықтау

Сыртқы түрі

Жануға

әсері

Қыздыруға

әсері

Қышқылдар мен сілтілерге қатынасы

Пластмассалардың атауы

Құрылымдық

буыны

1.

Мөлдір, қатты, шыныға ұқсас.

Ыдырау өнімдерінде стиролға тән иісі бар, түтіндеп жанады, жалыннан алған соң да жана береді.

Жұмсарады. Балқымасынан жіп созу оңай.

Ерімейді

Полистирол

(-CH – CH2-)n

C6H5

2.

Түссіз, мөлдір

Түтіндеп жанады. Жалыннан алса бірден жануын тоқтатады.

Жұмсарады және тез ыдырай бастайды.

Ерімейді

Поливинил-

хлорид

(-CH2 – CH-)n

Cl

3.

Ұстағанда май тәрізді, парафинге ұқсас

Жанған парафиннің иісін шығарып, көкшіл жалынмен жанады. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды.

Жұмсарады. Балқыған күйінде жіп созуға болады.

Ерімейді

Полиэтилен

(-CH2 – CH2-)n

4.

Берік, қатты

Фенолдың иісін шығарып, күйеленіп жанады. Жалыннан алса, біртіндеп сөнеді.

Қатты қыздырғанда ыдырайды.

Ерімейді

Фенолфор-мальдегид

5.

Мөлдір, қатты, сырты жұмсақ. Беті оңай айғыздалады, морт сынбайды.

Эфирдің иісін шығарып, көкшіл жалынмен, өзіне тән шытырлаған дыбыс шығарып жанады.

Жұмсарады, бірақ жіп созуға келмейді.

Ерімейді

Полиметил-

метакрилат

CH3

(-CH2 – C -)n

CООСH3

6.

Ақ түсті, қатты зат, қолға майдай сезіледі.

көкшіл жалынмен жанады. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды.

Жоғары температурада жұмсарады, балқымасынан жіп созуға болады.

Ерімейді

Полипропилен

(-CH2 – CH-)n

3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?