Электролиз. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.3C Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Электролиз

Оқу мақсаты:

10.2.3.8 электролиз процесінің мәнін сипаттау;

10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану;

Сабақтың мақсаты

Қарапайым ерітінділердің электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін жаза білу

Тілдік мақсат:

Оқушылар

Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

анод, катод, электролиттік қаптау, электролиз, ток, элементтер (батареялар), реакция өнімі, үлгілер, тұтану, иондар

болжау, арқылы өту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …

Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады

X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z

Біздер X болжадық, бірақ Y болды

Бұндай нәтиже ... білдіреді

Бағалау критерийі

Оқушылар:

Электролиздің мәнін терең ашады

Тұз ерітінділерінің электролиз өнімдерін болжайды

Өнім мен тұз формуласы арасындағы сәйкестікті анықтайды

Алғашқы білім:

Атом құрылысы

Ерітінді мен ерігіштік

Металдардың белсенділік қатары

Еру және ерітінділер

Тотығу және тотықсыздану

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Білімді жаңғырту:

Тапсырма №1 (І) (f)

Тест

1. Электролиз – ...

электр тогы тұздардың балқымасынан өткенде пайда болатын процесс

электр тогы тұздардың ерітіндісінен өткенде пайда болатын процесс

электр тогы иондық қосылыстар арқылы өткенде пайда болатын процесс

балқытылған немесе ерітілген электролит арқылы электр тогы өткенде жүретін процесс

2. Электролиз кезінде...

иондар сәйкес электродтарға қарай қозғалады

молекулалар сәйкес электродтарға қарай қозғалады

бөлшектер сәйкес электродтарға қарай қозғалады

атомдар сәйкес электродтарға қарай қозғалады

3. Катодтапроцесі жүреді.

тотығу

тотықсыздану

гидрлеу

гидролиз

4. Анодтың заряды... болады.

оң

теріс

жоқ

жартылай теріс зарядталған

Тапсырма №2  (P)

  • Электролиз кезіндегі ток көзінің оң полюсімен байланысқан электрод …………..
  • Электролизді жүзеге асыруға арналған аппарат …………………
  • Электр тогын өткізетін сұйық материал арқылы электр тогы өткен кезде электродта жүретін реакция (балқыған электролит немесе электролиттің сулы ерітіндісі) ………………
  • Электролиз кезіндегі ток көзінің теріс полюсімен байланысқан электрод ………………
  • Тұрақты ток көзіне қосылған металл немесе графиттен жасалған электр өткізгіш …………

Өзара бағалау жүргізіледі.

Ой қозғау. Бейнероликті көре отырып сабақтың тақырыбы анықталады.

Көрсетілім«Тұз ерітінділерінің электролизі».

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстыру

Слайд №1-3

Таратпа материал

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/tuz-eritindilerining-ehlektrolizi

Ортасы

11-17 мин

18-24 мин

25-35 мин

Әртүрлі тұз ерітінділерінің электролизінен мысалдар көрсете отырып, түсіндірулер жүргізу.

Мыс (ІІ)хлориді ерітіндісінің электролизі

Мыс (II) сульфаты ерітіндісінің электролизі

Калий йодиді ерітіндісінің электролизі

Натрий сульфаты ерітіндісінің электролизі

Оқушыларды топқа бөлу.

Тапсырма №3 (G) (f)

Келесі сулы ерітінділердің электролизі кезінде платина электродында түзілетін өнімді көрсет.

1-топ . натрий хлориді, мыс (ІІ) хлориді, калий иодиді

2-топ . кальций бромиді, калий сульфаты, мыс (ІІ) сульфаты

3-топ. қорғасын нитраты, күміс нитраты, калий хлориді

Топ аралық бағалау жүргізіледі.

Тапсырма №4 (І) (f)

Қалыптастырушы бағалау

Слайд №4-9

Слайд №10-13

Соңы

36-38 мин

39-40 мин

Үйге тапсырма:

Күміс нитраты ерітіндісінің электролизі кезінде жүзеге асатын процестерді көрсетіңіз.

(а) катодтағы процесс:

(b) анодтағы процесс:

(с) реакцияның толық иондық теңдеуі

(d) реакцияның молекулалық теңдеуі

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?