алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Тепе-теңдік константасы. «Тепе-теңдік константасын және концентрациясын табу» тақырыбына байланысты есептер шығару. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: ______________________________________________ Сынып: ____

Оқу мақсаты:

10.3.3.6. тепе-теңдік констатасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;

Есептерді шығарыңыз

1. Тепе-теңдікте тұрған жүйеде,

SO2(г) + Cl2(г) SO2Cl2(г)

Егер тепе-теңдік константасы 4, ал бастапқы заттардың SO2, Cl2 және SO2Cl2 концентрациясы сәйкесінше 2, 2 және 1 моль/л екені белгілі болса, тепе-теңдік күйдегі SO2Cl2 концентрациясын анықтаңыз.

2. Тұрақты температурада жүйе,

2HBr(г) H2(г) + Br2(г) тепе-теңдікке келгенде рагенттер мен өнімдердің концентрациясы: [HBr] = 0,3 моль/л, [Н2] = 0,6 моль/л, [Br2] = 0,6 моль/л құрады. Тепе-теңдік константасын және HBr бастапқы концентрациясын есептеңіз.

3. Тепе-теңдікте тұрған жүйеде,

Н2(г) S(г) H2S(г)

Егер тепе-теңдік константасы 2, ал бастапқы заттардың H2, S және H2S концентрациясы сәйкесінше 2, 3 және 0 моль/л екені белгілі болса, тепе-теңдік күйдегі H2 және S концентрациясын анықтаңыз.

4. Тұрақты температурада жүйе,

2SO2(г) O2(г) 2SO3(г) тепе-теңдікке келгенде рагенттер мен өнімдердің концентрациясы: [SO2] = 0,10 моль/л, [O2] = 0,16 моль/л, [SO3] = 0,08 моль/л құрады. Тепе-теңдік константасын және 2SO2 мен O2 бастапқы концентрациясын есептеңіз.

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер

Ж/Т

1

-Қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константасының формуласын құрастыра алады;

2

- Реагентер мен өнімдердің концентрациясы арқылы тепе-теңдік константасының мәнін есептей алады;

3

- Тепе-теңдік константасының мәні арқылы бастапқы заттардың концентрациясын есептей алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы