![]() |
|
![]() |
Реакция барысында энергияның өзгеруі. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал, 3 сабақ.
- Төмендегі сөздерді қолдана отырып, мағынасы анықтамаға сәйкес келетін сөйлемдер құрыңыз. Сөйлемге қажетті сөздің астын сызыңыз.
Экзотермиялық/эндотермиялық реакция кезінде реакциялық ортаның температурасы артады. Реакция нәтижесінде сыртқы ортаға/сыртқы ортадан энергия бөлінеді/сіңіріледі.
Экзотермиялық/эндотермиялық реакция кезінде реакциялық ортаның температурасы кемиді. Реакция нәтижесінде сыртқы ортаға/сыртқы ортадан энергия бөлінеді/сіңіріледі.
[2]
- Оқушы эксперимент жүргізді. Ол әр реакция ортасыныңның бастапқы температурасы мен соңғы температурасын кестеге еңгізіп отырды. Кестені соңына дейін толтырыңыз (температура өзгерісін (+/-), саны) және әр үрдістің экзотермиялық па, әлде эндотермиялық па екенін анықтаңыз.
Химиялық әрекеттесу | Бастапқы темп, 0С | Соңғы темп, 0С | Темп өзгерісі (+/-),0С | Эндо- әлде экзотер-миялық? | |
Сусыз мыс (ІІ) сульфаты және су | 20 | 28 | |||
Хлорсутек қышқылы және мырыш | 19 | 25 | |||
Лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты және су | 18 | 10 | |||
Су және калий хлориді | 19 | 17 | |||
Сірке қышқылы және натрий карбонаты | 19 | 16 | |||
Кальций және су | 17 | 29 | |||
Магний және қорғасын (ІІ) нитраты ерітіндісі | 18 | 35 |
[7]
- Төмендегі әр реакция үшін сұрақ жаз және реакция типін анықта(эндо-, экзо-):
а) мыс оксидін сутегімен тотықсыздандырған кезде мыс және су буы түзіледі | [2] |
b) тұз қышқылы мен натрий гидроксиді араластырылған кезде натрий хлориді мен су түзіледі | [2] |
c) хлор газын натрий бромиді ерітіндісі арқылы өткізгенде бром және натрий хлориді түзіледі | [2] |
d) күнің көзі күміс хлоридіне ұзақ түсетін болса, хлор газы мен күміс түзіледі | [2] |
e) натрий сульфаты ерітіндісіне барий нитраты ерітіндісін араластырса, натрий нитратының ерітіндісі мен қатты барий сульфаты түзіледі | [2] |
f) никель жанбайтын зат болғанымен никельді ауада қыздырса, никель оксиді түзіледі | [2] |
Барлығы 21 |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру