Изотоптар. «Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А Атом құрылысы

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Дарибаева С.А.

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Изотоптар.

«Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару.

Оқу мақсаттары

- 10.1.2.3 радиоактивтілік ұғымын түсіндіру және радиоактивті изотоптардың қолданылуы;

- 10.1.1.1 қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау.

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:

- қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау;

- изотоп ұғымын түсіндіру.

Оқушылардың көбісі үйренеді:

- протон-электрондық қисық арқылы изотоптардың тұрақтылығын болжау;

Кейбір оқушылар үйренеді:

- протон-электрондық қисық арқылы изотоптардың тұрақтылығын болжау арқылы радиоактивтілік ұғымын түсіну.

 Бағалау

 Критерийлері

- изотоптардың атаулары мен химиялық таңбаларын дұрыс жаза алады;

- протон-нейтронды қисығын дұрыс сыза алады;

- қисықта тұрақты элементтер аймағын дұрыс белгілей алады;

- қосылыстың құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы заттың эмпирикалық және молекулалық формуласын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Изотоп ұғымының анықтамасын және радиоактивті изотоптар қолданылуын ауызша сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Изотоп, тұрақты изотоп, радиоактивті изотоп, протон, нейтрон, эмпирикалық формула, молекулалық формула.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Атом ядросында протондар санымен салыстырғанда ........................ саны ................. есе артқанда, изотоп тұрақты/тұрақсыз болады.

Заттың молекулалық формуласын анықтау үшін:

Заттың ........................... .......................... массасын және қосылыстың эмпирикалық формуласын білу қажет.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары:

- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;- Құрметтеу;

- Сыйластық;- Ынтымақтастық;- Ашықтық;- Өмір бойы білім алу.

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Презентация

Өмірмен байланысы

Радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру барысында олардың маңыздылығын өмірмен байланыстыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика (радиоактивтілік, радиоактивті ыдырау)

Бастапқы білім

Атом құрылысы

Радиохимия тараулары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-ші сабақ

Сабақтың басы

0-5 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен амандасу.

2) Оқушыларды түгелдеу.

3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

(W) Өткен сабақ тақырыбы бойынша кері байланыс ретінде шағын тест жұмысын өткізу.

Орындалу уақыты: 3 минут

Жауап кілті бойынша өзара тексеру: 1 минут

*Слайдта көрсетілген сурет арқылы сабақ тақырыбын айқындау. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация «Изотоптар. Есептер шығару»

Қосымша_1_стартер

1-5 слайдтар

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16-20 мин

(W) Проблемалық сұрақ: Бір элементтің барлық атомдары бірдей ме?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау және изотоптар ұғымының анықтамасын беру.

(Т) Атом ядросы бірдей протондар санымен сипатталады, бірақ нейтрондар саны әртүрлі болуы мүмкін. Осылайша, химиялық элементтің атомдық нөмірі (Z) әртүрлі масссалық санға (A) ие бірнеше атом түрінен құралуы мүмкін. Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элементтің атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады.

- Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары

- Сутек изотоптары

(І) Тапсырма

Орындалу уақыты: 2 минут

*слайдағы жауап кілті арқылы тексеру.

(Т) Мұғалімнің түсіндіруі.

- тұрақты және радиоактивті изотоптар

- Радиоактивті изотоптардың қолданылуы

-Ядро тұрақтығы нейтрон-протон қатынасымен қалай байланысқан?

(І) Оқушыларға

- 10.1.2.3 радиоактивтілік ұғымын түсіндіру және радиоактивті изотоптардың қолданылуы;

оқу мақсытын бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды ұсыну.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушы

- протон-нейтронды қисығын дұрыс сыза алады;

- протон-нейтронды қисығын дұрыс сызады;

- қисықта тұрақты элементтер аймағын дұрыс белгіледі;

- қисықта ыдырауға беталысы бар тұрақсыз элементтер аймағын дұрыс белгіледі;

- атом ядросының құрылымынан тұрақтылық тәуелділігі жайында дұрыс қорытынды жасады.

- қисықта тұрақты элементтер аймағын дұрыс белгілей алады;

6-15 слайдтар

Қосымша_2_тапсырма_изотоптар

21-27 мин

28-38 мин

(Т) «Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» бойынша бірнеше мысалды талдау.

- Эмпирикалық формуланы есептеу

- Молекулалық формуланы есептеу

(І) Оқушыларға

- 10.1.1.1 қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау.

оқу мақсытын бекітуге арналған жазбаша тапсырмаларды орындауды ұсыну.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушы

- қосылыстың құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы заттың эмпирикалық және молекулалық формуласын анықтай алады.

1. Берілген мәліметтерге сүйене отырып, іш қосылыстың формуласын анықтай алады.

16-19 слайдтар

Қосымша_3_тапсырма_эмпирикалық және молекулалық формуланы анықтау

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия. «Пирамида»

Үй жұмысы

Презентациядағы теориялық ақпаратты қайталау

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

- қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтай алады;

- изотоп ұғымын түсіндіре алады.

Көбісі:

- протон-электрондық қисық арқылы изотоптардың тұрақтылығын болжай алады.

Кейбіреулері:

- протон-электрондық қисық арқылы изотоптардың тұрақтылығын болжау арқылы радиоактивтілік ұғымын түсіндіре алады.

Сабақ барысында оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеру деңгейі: ауызша жауаптарын тыңдау, жазбаша тапсырмаларды орындауы арқылы бағалады.

Сабақ барысында оқушылардың денсаулығына кері әсер келтіретін іс-әрекеттер жүргізілмейді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?