Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, презентация.


Квант сандары. Паули принципі, Хунд ережесі және Клечковский ережесі тақырыптары бойынша шағын тест

Орындау уақыты: 3 минут

Жауап кілті:

1. Энергия минимумы (Клечковский ережесі) принципі сәйкес орбитальдердің электрондармен толтырылуының дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

С. 4s 3d 4p 5s

2. Мыс (І) ионының электрондық концигурациясын көрсетіңіз.

D. [Ar]3d10

3. Атом құрамы 15 протон, 16 нейтрон және 18 электроннан құралған бөлшекті көрсетіңіз.

Хунд ережесіне сәйкес орбитальдердің электрондармен толтырылуы дұрыс нұсқасын таңдаңыз:

Паули принципі бойынша орбитальдердің электрондармен толтырылуы дұрыс нұсқасын таңдаңыз:

Изотоптар.

«Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару.

10.1А Атом құрылысы

Оқу мақсаттары:

10.1.2.3 радиоактивтілік ұғымын түсіндіру және радиоактивті изотоптардың қолданылуы;

10.1.1.1 қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау.

Бағалау критерийлері:

изотоптардың атаулары мен химиялық таңбаларын дұрыс жаза алады;

протон-нейтронды қисығын дұрыс сыза алады;

қисықта тұрақты элементтер аймағын дұрыс белгілей алады;

қосылыстың құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы заттың эмпирикалық және молекулалық формуласын анықтай алады.

Бір элементтің барлық атомдары бірдей ме?

Ядро заряды (протон саны) бірдей, бірақ атомдық массалары (нейтрон саны) әртүрлі бір элементтің атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады.

Белгілі бір элементтің изотоптары

атом құрылысында электрондар саны бірдей болғандықтан бірдей химиялық қасиетке ие болады.

тығыздықтарында шамалы айырмашылық, сияқты физикалық қасиеттерінде шамалы өзгешелік болады.

Ядро заряды (протон саны) бірдей, бірақ атомдық массалары (нейтрон саны) әртүрлі бір элементтің атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады.

Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары

Изотоптардың атаулары берілген элементтің атауына массалық санды дефис арқылы қосып жазу арқылы жасалады.

Таңбасы:

Атауы:

А

Z

Сутек изотоптары

Ең қарапайым элемент сутектің үш изотобы бар. Өз маңыздылықтарына орай, бұл изотоптарға өз атаулары мен таңбалары берілген.

Сутек изотоптарының физикалық қасиеттері

Бір элемент изотоптарының протондары мен электрондарының сандары бірдей болатындықтан,олардың барлық изотоптарының қасиеттері де бірдей болады. Дегенмен, сутек мысалында, дейтерий массасы "кәдімгі" сутек массасынан екі есе көп болады, сондықтан бұл изотоптар физикалық қасиеттері бойынша айтарлықтай ерекшеленеді.

Тапсырма

Оттектің 8, 9 және 10 нейтрондардан тұратын үш изотобы үшін олардың таңбаларын жазып, құрастырыңыз. Әрбір жағдайда Z = 8-ге тең болады.

2. Бірдей элементтың атомдары болатын таңбаларды белгілеңіз

.

.

Орындау уақыты: 2 минут

Изотоптар

Тұрақты

Радиоактивті

атом ядросы, радиоактивті ыдырауға шалдықпаған изотоптар.

атом ядросы, радиоактивті ыдырауға қабілетті, тұрақсыз изотоптар.

Радиоактивті изотоптардың қолданылуы

Радиоактивті изотоптар өте жиі және әр түрлі үлгіде қолданылады. Ол бір жағынан олардың сәулелеуін қолдану мүмкіндігі болса, ал екінше жағынан оның басқа затқа әсерінің мүмкіндігіне негізделген.

Радиоактивтігі изотоптар ғылымда, медицинада және техникада зор энергия шығаратын шағын көздер ретінде кең түрде қолданылады.

Радиоактивті изотоптар медицинада диагноз қою үшін де, терапевтік мақсаттар үшін де қолданылады.

Ядро тұрақтығы нейтрон-протон қатынасымен қалай байланысқан?

Нейтрон-протон қатынасы (қисығы)

Аз қашықтықта нуклондар арасында берік ядролық тартылыс күші пайда болады.

Бұл тартылыс нейтрондар арқылы жүзеге асады.

Ядрода бірегей ұстап тұру үшін ядрода протон саны артқан сайын көбірек нейтрондар қажет болады.

Графикте әр түрлі тұрақты изотоптардың протондары және нейтрондары арасындағы қатынас көрсетілген.

Тұрақты изотоптар алқызыл белдікте орналасқан.

Олардың ядросындағы протон/нейтрон қатынасы – 1:1 және 1.5 тең.

Ядроның ұлғаюмен ядро құрамындағы протондар арасындағы электростатикалық тебілу әлсірейді.

Ядро тұрақтығы нейтрон-протон қатынасымен қалай байланысқан?

Ядролық күш электростатикалық күштен 100 есе берік болады.

Ол тек кіші қашықтықта ғана әсер етеді.

Ядроның белгілі өлшемінен кейін берік күш ядроны бірге ұстай алмайды.

Қосымша нейтрондар протондар арасындағы арақашықтықты үлкейтеді.

Ол өз кезегінде тебілуді әлсіретеді, бірақ егер, нейтрондар саны тым көп болса, ядро тепе-теңдіктен шығып, өздігінен ыдырайды

«Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау»

Химиялық қосылыстың молекула құрамын екі формула көрсете алады. Олар:

Эмпирикалық формула қосылыстың құрамындағы элементтердің қарапайым мөлшерлік, бүтін сандық қатынасын көрсетеді.

*Біз қосылыстың эмпирикалық формуласын ондағы элементтер арасындағы қатынасты біле отырып, анықтай аламыз.

Молекулалық формула қосылыс молекуласындағы әр элемент атомдарының нақты санын анықтайды.

*Кейбір жағдайда молекулалық формула — бұл белгілі бір санға көбейтілген эмпирикалық формула.

Кейбір қосылыстарың молекулалық және эмпирикалық формулалары бірдей болады. Бірақ көптеген қосылыстардікі әр түрді. Мысалы:

«Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау»

Эмпирикалық формуланы есептеу

Заттың эмпирикалық формуласын анықтау үшін келесі мысалды қарастырайық,

Темір оксиді массасы бойынша 70.0% темірден және 30.0% оттектен тұрады. Темір оксидінің эмпирикалық формуласын анықтаңыз.

Темір оксидінің эмпирикалық формуласы: Fe2О3

Молекулалық формуланы есептеу

Заттың молекулалық формуласын анықтау үшін сізге білу қажет:

Заттың салыстырмалы молекулалық массасын;

Қосылыстың эмпирикалық формуласын.

Қосылыстың молекулалық формуласы: С6Н12

Мысалы, Қосылыстың эмпирикалық формуласы СН2, ал салыстырмалы молекулалық массасы 84-ке тең болса, оның молекулалық формуласын анықтаңыз. Ar (C)=12; Ar (H)=1.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді