Зат массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРУ»ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Осы бөлімде оқушылар физикалық және химялық құбылыстардың белгілерін еске түсіре отырып, химиялық реакциялардың негізгі белгілеріне назар аударады. «Миға шабуыл» әдісі ретінде проблемалық сұрақ қойылады: «Химик оқушыға темірмен күкірт арасында эксперимент жүргізуге тапсырма береді. Оқушы темір мен күкірттің қанша массасын алғанда реакция толығымен жүретіндігін анықтау мақсатында реакцияның химиялық теңдеуін қолданады. Реакцияның сызбанұсқасы реакцияның нақты нәтижесі болып табылады ма?»
Оқу жоспарында көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес оқушылармен зертханалық жұмыс ұйымдастырылады. Жұмыс нәтижесі реагенттердің белгілі бір қатынаста әрекеттесетінін көрсете отырып қорытынды жасалады және төмендегідей реакция теңдеуін құрастыру алгоритмі ұсынылады.
Химиялық реакция теңдеуін құрастыру
Үш кезеңді қамтиды:
Бастапқыда реакцияға қатысқан(сол жақ) және реакция нәтижесінде түзген өнімнің (оң жақ) реакция теңдеуі төмендегідей:
Р + O2 ->Р2O5
2. Химиялық реакция теңдеуіндегі сол және оң бөлігіндегі атомдар саны тең болу үшін коэффициенттерді қоямыз:
4Р + 5O2 ->2 Р2O5
3. Химиялық реакция теңдеуіндегі сол және оң бөлігіндегі атомдар санын тексеру:
4 Р + 10 O = 4 Р және 10 O
Мұғалім оқушының жұмыс жасау дағдысын арттыру мақсатында әр топта практикалық жұмыстар орындауға нұсқаулық береді. Реакция теңдеуін сөзбен жазу өткен білім екенін, қазіргі сәтте реакция теңдеуі арқылы өрнектеу қажеттігі ескеріліп отырылады. Ескеретін жағдай, оқушылар коэффициент, индекс, химиялық формула терминдеріне аса мән беруі, химиялық реакция теңдеулерін теңестіру барысында реакцияға дейінгі және кейінгі заттардың массасына назар аударуы қажет. Сол арқылы «Зат массасының сақталу заңынының» тұжырымдамасы қалыптаса бастайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?