Фотосинтездің қараңғы фазасы. Кальвин циклы. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Фотосинтездіңқараңғыфазасы
Фотосинтездіңқараңғыфазасынданегізгірөлді СО2 атқарады.АТФ, НАДФ ∙ Н энергиясын пайдаланып, моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер синтезделеді. Бұл органикалық заттардың синтезіне жарық энергиясы қолданылмайтындықтан, фотосинтездің қараңғы фазасы деп
Мұндақұрамында 3—7 көміртек атомдары болатын әр алуан көміртекті қосылыстардың айналымы сияқты күрделі процестер жүреді. Бұл процесте бейорганикалық С02-ні игеретін негізгі фермент — рибулозобифосфат карбоксилаза. Оны қысқаша "рубиско" деп атайды.Мұндай көміртектің фотосинтездік ассимиляциялану жолын Кальвинжолы деп атайды.Фотосинтездік бұл реакциялар жиынтығы фотосинтездің жарықтағы және қараңғыдағы сатысын біріктіреді. Мұнда судың құрамындағы сутек атомы көміртек диоксидінің тотықсыздануынажұмсалады. Ал оттек молекула күйінде бөлініп шығады.
Қараңғы фазада бес көміртекті көмірсу реакцияның бастапқы заты ретінде қатысып, нәтижесінде үш көміртекті қосылыс түзіліп отырады, оны циклі немесе Калвин циклі депатайды. Бұл циклді ашқаны үшін 1961 жылы америкалық биохимик М. Калвинге Нобель сыйлығы берілді.
Бірінші сатысы- карбоксилдену бұл реакция арнайы фермент рибулоза фосфат
карбоксилаза мен катализденеді қысқаша ол рубиско деп аталады Ерекшелігі ол катализдейтін реакция СО2газды игеру цикілінде ең баяу жүретін реакция . Хлоропластарға жарық түскенде ол фермент активтенеді . Ол жерде екі түрлі қызмет атқарады көмір қышқыл газ мөлшері жоғарлағанда фермент карбоксилдену , ал оттек көбейгенде оксигенезалық қызмет атқарады
Екінші сатысы : тотықсыздану сатысы 3-ФГҚ фосфоглицерин алдегидіне аиналады . НАДФН және фосфоглицерин алдегидінің дегидрогеназа көмегімен фосфорланып, 1,3 ФГҚ түзіледі . Онда жарық сатысында пайда болған АТФ пен НАДФН пайдаланылады .
Үшінші сатысы: регенерация сатысы. СО2ның алғашқы акцепторы рибулаза 5 фосфат және қанттар түзіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру