Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Биология, 11 сынып, презентация.


«Зерделеп көр»

(әңгімені тыңдап сабақ тақырыбын және оқу мақсатын анықта)

Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиттарынан басқа жер бетінде тағы бір мұхит бар – барлығынан да ең үлкені. Және сіз әр күн сайын, әр сағат сайын, өзіңіз оны байқамасаңыз да, оның ішінде «шомылып» жүресіз. Және көшеде жүрген адамдар да, аң-құстар да, тіпті автобустар мен көліктер күндіз де, түнде де осы мұхитта «шомылып» жүреді. Бүл мұхит тұщы да емес, ащы да емес, оның суы жоқ, жиегі жоқ. Осы теңіз арқылы үлкен күміс балықтар сияқты ұшықтар да ұшып жүреді.

- Қалай ойлайсыздар, қандай теңіз таралы айтылған бұл әңгімеде?

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну. Ауаның ластануы

Сабақ тақырыбы: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Атмосфераның ластануы

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Біз қандау ауамен тыныс аламыз?

2. Ауаның сапасын қалау тексеруге болады?

3. Ауаны ластайтын не?

4. Ауаның сапасын тексергенде қандай затттар болу/болмау мүмкін?

Қазіргі заманда айналамызда мінсіз ауа болуы мүмкін бе?

Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі заттар:

күкірттің еселенген тотығы, көміртегі диоксиді, азот диоксиді, хлоридтер, толуол, көмірсутек, шаң-тозаң.

Осы заттардың әрқайсысы адам денсаулығына зиянын тигізеді

2011-2016 жылдар аралығындағы өзгеріске мысал

https://infogram.com/3-shema-stacionarly-kzderden-atmosferaly-auaa-lastauysh-zattardy-shyaryndylary-zattar-imasynda-1h17497q51wq6zj

Жұптық жұмыс

«Табиғатқа тіл бітсе егер…..»

Жұптық жұмысты бағалау критерийлері:

жұппен жұмыс жасай алады: басқалардың ойын тыңдай алады;

биология, химия, география пәндері бойынша алғашқы білімдерін пайдалана алады;

сурет бойынша талқылай алады, бір тұжырымға келе алады;

тапқырлық көрсетеді және өз ойын дәлелдемелермен жеткізе алады.

Қазақстан ауаның ластану көрсеткіші жоғары мемлекеттер қатарында

Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауаның ластану көрсеткіші жоғары жиырма мемлекеттің қатарына енді. Рейтингті Швейцарияда орналасқан AirVisual компаниясы түзген.

Тізім авторлары РМ2.5 зиянды заттардың орташа концентрациясын әлемнің 73 мемлекетінде салыстырған. Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-шы орында тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған қалыпты нормасы 10 μg/m3 құрайды.

Орталық Азия елдері ішінен бұл қатарда тек Өзбекстан ғана бар, көршілес Өзбекстан 16 орында тұр. Ресей 58-ші орында, Украина – 49-шы.

Ең таза ауаИсландияда (5 μg/m3). Бестікті Финляндия,Аустралия, Эстония және Швейция түйіндеді. Антирейтингте көш бастаған – Бангладеш (97,1 μg/m3). Ауаның жоғары ластану көрсеткішіПәкістанда, Үндістанда, Ауғанстанда, Бахрейнде.

http://kazaknews.kz/kogam/aza-stan-auany-lastanu-k-rsetkishi-zho-ary-memleketter-atarynda/

Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді?

Ауа ластануының кесірінен болады екен. Атмосфераға шығарылған улы заттар жыл сайын үш миллионға жуық адамды өлтіреді. Атмосфералық ауаның ластануынан болатын өлім-жітімнің негізгілеріқатерлі ісік, туа біткен патология және адам ағзасының иммундық жүйесі жұмысының бұзылуы.

Ауаны ластайтын заттар адамның денсаулығына әртүрлі әсер ете отырып, түрлі ауруларды тудырады. Мысалы, жану өнімдері (дизель қозғалтқышының сұйытылған газы) бар ауамен дем алу, (тіпті қысқа уақыт ішінде болсын) жүректің ишемиялық ауруын алу қаупін арттырады.

https://bilim-all.kz/article/7939-Auanyn-lastanuy-densaulyqqa-qalai-aser-etedi

Мәселені қалау шешуге болады?

Фишбоун әдісі

Бағалау критерийі:

Сызбада жазылған барлық жазбалар нақты, анық, қысқа, әрі нұсқа болу керек. Ойды логикалық тұрғыда жақсы жеткізе алу керек.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу