Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау.
Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Биоалуантүрлілікке әсер етуші факторлар:
- климаттың тұрақтылығы (кенеттен соққан дауыл: атмосфераның едәуір иондануы, өрттер, су тасқыны/зілзала);
- мекен ету ортасының өнімділігі (шөл дала мен орман арасындағы алуантүрліліктің айырмашылығы);
- бәсекелестік;
- жыртқыштық (аңшылық, бір ғана құрбандық).
- азықтың мөлшері, сапасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру