Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.3 экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | ҚР қорықтары мен жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарларды зерттеу. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | ҚР қорықтарында және жергілікті жерде сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ажырата алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар жасай алады: жұмыс атқару барысында талдау жасайды (ауызша сөйлеу дағдылары) Пәнге тән лексика мен терминология: түр, түрдің алуантүрлілігі, экожүйенің тұрақтылығы, эндемиктер, экожүйенің алуантүрлілігі, түрдің біркелкілігі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қазіргі таңда ....... арқасында өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері ... барады. Түрдің жойылуы ..... әкеледі. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жеке бас қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын және құзыреттілігін дамыту. Топта, топпен жұмыс істей білу, қоршаған ортаның пікірлеріне құрмет және басқалардың алдында өз міндеттері үшін жауапкершілігін түсіну, тұлғааралық құзыреттіліктерді дамыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жергілікті жердің және ҚР экожүйе тұрақтылығын зерттеуде география, экология пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу үрдісін активтендіру, бейнебаян көру үшін интерактивті тақталарды пайдалану. | ||||||||||
Бастапқы білім | Биосфера және экожүйе: 7, 9 сыныптар Биосфера, экожүйе, популяция – 8 сынып Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып Тірі организмдердің көптүрлілігі: 9, 10 сыныптар | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-05 мин | Оқушылардың зейінін шоғырландыруға, бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға өткен сабақта құрылған постерлері бойынша сұрақтар қою. | Өздерінің постерлері | |||||||||
Сабақтың ортасы 05-25 мин
25-35 мин | (Т) (ҚБ) Оқушыларға Қазақстан қорықтары/ жергілікті жердің сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлары (егер болса) туралы постер дайындауды ұсыныңыз. Әр топ ұсынылған қорықтарды зерттейді. Постерге ҚР физикалық кескін картасын беруге болады. 1-топ: Ақсу-Жабағылы, Наурызым қорығы 2-топ: Алматы, Барсакелмес қорығы 3-топ: Қорғалжың, Үстірт қорығы 4-топ: Марқакөл, Батыс Алтай қорығы Дескриптор. - берілген уақытқа сай жұмыс істейді; - берілген тақырыпқа сай жұмыс мазмұнын сәйкестендіреді; - топтағы барлық оқушылар қамтылады; - орындалған материалдардың сапалы болуын қадағалайды; - сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды көрсетеді; - Қазақстан қорықтарындағы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды атайды; - жергілікті жердің сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды атайды. (Ж) Дескриптор арқылы оқушылар бір-бірін бағалауы. | https://www.youtube.com/watch?v=3hL9RlhiwpA оқулық, дидактикалық материалдар | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Рефлексия. Бағдаршам
| ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: ҚР қорықтарында сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды біледі: Көпшілік оқушылар: сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды ҚР қорықтарында орналасуы бойынша ажыратады; Кейбір оқушылар: экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты түсінеді. | Оқушылар сыныпта берілген дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалау | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру