Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Тарау 10.4В: Қозғалыс

Мектеп: Тараз қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бұлшық ет талшықтарының екі түрін : баяу және жылдам бұлшықет талшықтарын салыстыру;
  • Ағзадағы жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының орналасуын анықтау;
  • Әртүрлі спорт түрлері мен жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарын пайдалану арасында байланыс орнату;
  • Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының жалпы қасиеттерін түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді егер:

  • Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының ультрақұрылысын түсіндірсе,
  • Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының жұмыс істеу механизмін түсіндірсе,
  • Бұлшықет талшықтарының орналасуын анықтаса және әртүрлі жағдайларда Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының негізгі терминдерін пайдалана отырып, жалпы қасиеттерін түсіндірсе.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысы, қасиеттері мен орналасуын тиісті терминологияны қолданып

жазбаша сипаттай алады.

  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысына байланысты қызметі мен түсінің ерекшеліктерді ауызша сипаттай алады.
  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысы, ортақ қасиеттері мен орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және олардың арасындағы байланысты көрсететін кестені дұрыс толтыра алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қаңқа бұлшықеті, көлденең жолақты бұлшықет, миофибрилла, бұлшықет талшықтары, баяу жиырылатын бұлшықет талшығы, жылдам жиырылатын бұлшықет талшығы, қызыл бұлшықет талшығы, ақ бұлшықет талшығы, спринтер, марафоншы, кеуде бұлшықеті, аяқ-қол бұлшықеті, миозин, аэробты және анаэробты тынысалу, жылдам жиырылу, баяу жиырылу, мотонейрон, жиырылу жылдамдық, импульс өту жылдамдығы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X көп жағдайда аталады

  жіктеледі

  қоршалған

  құралады

жабысатындай етіп орналасқан

Бұл бөлік қалай аталады? Бұл Х

Х қандай функцияны атқарады?

Құндылықтарды

дарыту

Бұл сабақта топта жұмыс істей білуді дамытуға, жауапкершілікті, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды арттыруға бағытталған.

 АКТ-ны қолдану дағдылары

Оқу үдерісін видео, анимация, презентациямен көрнекілеу.

Microsoft PowerPoint

Пәнаралық байланыстар

Физика: сырғу және тежелуді талқылаған кезде

Бастапқы білім

8-9-сыныпта өтілген тірек-қимыл аппаратын зерделеу.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

1.Бұрынғы білімнің өзектілігі.

Дыбыссыз бейне ролик көру. Мұғалім бейнероликті ауызша түрде сипаттау үшін еріктілерден сұрай алады.

2. Мұғалім түсіндірмесі. Әдетте спортшылар бұлшықетті қатайтуға қолданатын екі түрлі жаттығуды таныстырады.

Деректерді талқылағаннан кейін мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтайды, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін қалыптастырады.

Қосымша 1

https://www.youtube.com/watch?v=B-VcgO4p88AA – «Бұлшықет талшықтарының құрылысы»

Мағынаны тану

7-12

12-22

22-25

  25-36

3. Жылдам және баяу бұлшықеттер туралы бейнеролик көру. Оқушыларға «Бұлшықет талшықтарының жиырылуы және бұлшықет талшықтарының анатомиясы» туралы ағылшын тіліндегі бейнеролик көруге ұсынылады. Оқушылар видеодан бұлшықет талшықтарының жылдам және баяу жиырылатын түрлерге бөлінуі, физикалық пішіннің әртүрлі болу себебі туралы ақпарат алады. Бейнеролик көру барысында оқушылар өз дәптерлеріне қолжазба жасай алады.Оқушыларда бейнеролик жайлы сұрақ туындаса, мұғалім талқылап түсіндіруге міндетті .

4. Венн диаграммасы. Оқушылар Венн диаграммасында жылдам және баяу бұлшықеттерді салыстыруы керек.(диаграмма шеңбер немесе бағаналы кестеде бола алады)

5. Талқылау.Мұғалім бұлшықет түрлеріне қатысты білімін қолдана отырып кейбір спорт жаттығуларының ерекшеліктерін қарастыруды және талқыдауды ұсынады.

6. Қорытынды жазбаша бағалау. Оқушылар O-level сұрақтарын түсіну деңгейін тексеру үшін жеке жаттығады. Жұптық бағалау/ мұғаліммен марк схема бойынша кері байланыс.

Қосымша 2

https://www.youtube.com/watch?v=3L9JUfzh66I

«Бұлшықет талшықтарының жиырылуы және бұлшықет талшықтарының анатомиясы»

Қосымша 3

Венн диаграмма суреті

Қосымша 4

O-level тапсырмасы

Рефлексия

36-39

39-40

7.Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсатына қайта орала отырып , оқушылардың мақсатқа жету деңгейін талқылайды . Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақ қойылады: Оқушылар кері байланыс береді:

Берілген үш етістіктің бірінің астын сызыңыз:

  • Бұлшық ет талшықтарының екі түрін : баяу және жылдам бұлшықет талшықтарын салыстыруда; қиналмаймын/қиындық көремін/салыстыра алмаймын
  • Ағзадағы жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының орналасуын анықтауда; қиналмаймын/қиындық көремін/анықтай алмаймын
  • Әртүрлі спорт түрлері мен жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарын пайдалану арасында байланыс орнатуда; қиналмаймын/қиындық көремін/байланыс орната алмаймын
  • Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының жалпы қасиеттерін түсіндіруде: қиналмаймын/қиындық көремін/түсіндіре алмаймын.

8. Үйге тапсырма: 2 том 389 бет Д.Тейлор Н.Грин У.Стаут. «Жылдам және баяу бұлшықет талшықтары» мәтінін оқып конспекті дайындау

Қосымша 5

Кері байланыс

Қосымша 6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың басында оқушылар өз еркімен бұлшықеттерді қысқарту туралы бейне роликті сипаттай алады.

Сабақтың орта бөлігінде оқушылар Венн диаграммасын жасайды (процесс пен өнімдер бойынша саралау).

Сабақ соңында оқушылар жазбаша тапсырма орындайды.

Өзектендіру кезеңінде оқушылар дауыссыз бейнені сипаттайды(диагностикалық бағалау).

Оқушылар тақырып пен мақсаттарды белгілеген кезде жаңа идея енгізу.

Венн диаграммасын жеке құру.

Рефлексия кезеңіндегі жеке жұмыс критерий негізінде өзара бағаланады. Қорытынды баға орындалған тапсырма % - ы негізнде мұғаліммен бағаланады. Жалпы тапсырмадан тапсырманың 85% дұрыс орындағанда оқушылар сабақтың мақсатына жетті деп саналады.

Денсаулықты сақтау техникаларын топтық жұмыс жасау кезінде сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу