Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4В Қозғалыс

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Мұғалім:

Сынып: 10 Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.6.2. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату

 Сабақ мақсаттары

• бұлшықет талшықтарының құрылысымен танысу;

• бұлшықет талшықтарының қасиеті мен ағзада орналасуын сипаттау;

• бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

  • бұлшықет талшықтарына тән құрылыс ерекшеліктерін сипаттайды;
  • бұлшықет талшықтарының орналасуы мен қасиетін анықтайды;
  • бұлшықет талшықтарының құрылысы, ортақ қасиеті мен орналасуын байланыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысы, қасиеттері мен орналасуын тиісті терминологияны қолданып

жазбаша сипаттай алады.

  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысына байланысты қызметі мен түсінің ерекшеліктерді ауызша сипаттай алады.
  • жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылысы, ортақ қасиеттері мен орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және олардың арасындағы байланысты көрсететін кестені дұрыс толтыра алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қаңқа бұлшықеті, көлденең жолақты бұлшықет, миофибрилла, бұлшықет талшықтары, баяу жиырылатын бұлшықет талшығы, жылдам жиырылатын бұлшықет талшығы, қызыл бұлшықет талшығы, ақ бұлшықет талшығы, спринтер, марафоншы, кеуде бұлшықеті, аяқ-қол бұлшықеті, миозин, аэробты және анаэробты тынысалу, жылдам жиырылу, баяу жиырылу, мотонейрон, жиырылу жылдамдық, импульс өту жылдамдығы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X көп жағдайда аталады

  жіктеледі

  қоршалған

  құралады

жабысатындай етіп орналасқан

Бұл бөлік қалай аталады? Бұл Х

Х қандай функцияны атқарады?

Құндылықтарды

дарыту

Оқу тапсырмасын орындау өз іс-әрекетін ұйымдастыруға, өзін-өзі басқаруға, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық құндылығы дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей және жеткізе білу, сенімділік, өзегелердің ойын тыңдау мен бағалау құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі көрсету, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, тапсырманы бірлесе орындаудағы жауапкершілік, жаһандық азаматтық, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады

Пәнаралық байланыстар

Физика: сырғу және тежелуді талқылаған кезде

Бастапқы білім

8-9-сыныпта өтілген тірек-қимыл аппаратын зерделеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

1. «Бес сұрақ» әдісі.

Мұғалім бұлшықет туралы сұрақтар қолдану арқылы оқушылардың алдыңғы білімдерін қолдануына және жаңа тақырып бойынша болжам жасау мақсатында бұл әдісті ұйымдастырады:

1 сұрақ. Қандай бұлшықет түрі организмді қозғалысқа келтіреді?

2 сұрақ. Бұлшықет талшықтары қалай аталады?

3 сұрақ. Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықеттерді қалай ажыратуға болады?

4 сұрақ. Марафоншылар жүгіруіне қандай бұлшықет (жылдам/баяу) талшығы қатысады?

5 сұрақ. Спринтерлер қысқа қашықтыққа жетуіне қандай бұлшықет (жылдам/баяу) талшығы қатысады?

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар сабақ мақсаты на жету үшін бағалау критерийлері қалыптастырылады.

А3 қағаз, маркерлер

Оқу таныстырылымы слайд 1-3

Мағынаны тану

06-09

10-14

15-30

30-45

45-65

65-75

1. «Fast twitch vs Slow twitch muscle fibers» анимация көрсету.

Бұл видеоролик ағылшын тілінде болғанмен мұғалім анимация дауысын өшіріп, өз тілінде түсініктеме беруге болады.

Оқушылар анимациядан бұлшықет талшықтарының жылдам және баяу жиырылатын түрлерге бөлінуі, физикалық пішіннің әртүрлі болу себебі туралы ақпарат алады.

1.1 Анимациядан алған ақпаратты пысықтау.

Оқушыларға екі спортшының суреті ұсынылады. Анимациядан түсінгені бойынша бұлшықет талшықтарын салыстырады.

Олар сұрақтарға жауап береді:

  • Қайсысы марафоншы, қайсысы спринтер (оң/сол жақ)?
  • Дене бітімінде қандай ерекшеліктер бар?
  • Сол ерекшеліктің себебі неде?
  • Марафоншыда қандай бұлшықет талшықтары көбірек болады? Неге?
  • Спринтерде қандай бұлшықет талшықтары көбірек болады? Неге?

Өзін-өзі бағалау. Оқушылар сұрақтарға жауап беру, сыныптастарының жауабы мен дұрыс жауаптарды тыңдау арқылы өзінің жақын арада даму аймағын анықтайды.

2. «Мәтінмен жұмыс». Жеке жұмыс

Мұғалім оқушаларға бұлшықет түрлері туралы ақпарат парақтарын таратады. Алдымен оқушылар берілген мәтінмен толық оқып, жеке танысады.

Әр қатардағы оқушылар қарсы қатардағы оқушыларға өзі түсінген ақпаратты жеткізуге дайын болады. Мұғалім сабақтың келесі қадамына өту үшін әр қатардағы оқушыларға төмендегі тізім бойынша екі мәтіндегі ақпарат бөлімдерін үлестіріп береді немесе оқушылар таңдауына мүмкіндік беруге болады.

№1 мәтін

№2 мәтін

жылдам жиырылатын бұлшықет

баяу жиырылатын бұлшықеттерді

  • бұлшықет талшықтың құрылысы
  • организмде орналасуы
  • миоглобин мен түсі
  • жүйкеленуі
  • қозғыштығы
  • физиологиялық белсенділігі
  • Мысалы (спортшылар)
  • Мысалы (тауық)

2.1 «Ішкі-сыртқы шеңберлер» әдісі.

Мұғалім оқушыларды екі шеңберде отырғызады. Әдістің қалай жүргізілетіні туралы нұсқаулық береді. Оқушылар өздеріне берілген мәтіндер бойынша бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім белгі беруі арқылы шеңбердегі оқушылар қозғалысы бағытталады.

2.2 «Салыстырмалы органайзер». Жұптық жұмыс.

Мұғалім тақтаға салыстырмалы органайзер кестесін сызады. Оның 7 көрсеткішін жазады. Оқушылар көрсеткіштер бойынша жұптасып, бірге талдап, жауаптарын тақтадағы кесте торында көрсетеді.

Талдау көрсеткіштері

№1 мәтін

№2 мәтін

Аталуы, негізгі ұғымдар/терминдер

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

Тірек сөйлемдер топтамасы

Ақпараттың маңыздылығы

Жан-жақты жауап алғың келген сұрақ

Тақырып мәнін өмірде қолдану мүмкіндігі

Мұғалім әрбір жұптың кестеге жазған жауабын бақылайды. Көмек қажет ететін оқушыларға бағыт береді. Алдыңғы әдісте №1 мәтінмен жұмыс істегендер бұл кестенің №2 мәтін бөлігін, керісінше №2 мәтінмен жұмыс істегендер бұл кестенің №1 мәтін бөлігін жауаптарымен толтырады.

3. «Биологиялық бинго». Топтық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды 5-6 оқушыдан тұратын кіші топтарға бөледі. Оларға екі бұлшықетке қатысты негізгі ұғымдарды ұсынады. Оқушылар бұл ұғымдарды тиісті бұлшықеттерге сәйкестендіреді.

Өзара бағалау. Әр кіші топ мүшелері келесі 2 топтың жұмысын тексереді.

Анимация

«Fast twitch vs Slow twitch muscle fibers» https://www.youtube.com/watch?v=3xTjnwo2S2A

Оқу таныстырылымы слайд 4

Қосымша №1

Биология, Д.Тейлор

Н.Грин

У.Стаут

2 том 389 бет

слайд 5

слайд 6

слайд 7-9

слайд 10

слайд 11

Рефлексия

75-80

Сабақтың мақсатына оралу

Рефлексия мұғалімнің сұрақтары негізінде жүзеге асырылады:

  • Жұмыстың қай кезеңі қиын болды?
  • Келесі сабақта сіздерге мұғалімнен қандай көмек керек болуы мүмкін?

слайд 12

стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ой шақыру кезеңінде оқушылар неғұрлым терең білімдерін немесе олардың болмауын көрсете отырып, жақын даму аймағын анықтайды. Мағына беру кезеңінде саралау, талдау мақсатында оқушыларға бірнеше белсенді оқыту әдістері ұсынылады. Бұл әдістерде оқушылардың қабілеттері мен қажеттілігін мұғалім ескере отырып, тапсырмаларды ұсынады

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

Оқушылардың мәтін, графикалық органайзермен жұмыс барысын мұғалім бағалайды;

Оқушылармен диалог кезінде мұғалімнің аралық бағалау жүргізеді

Қорытынды жазбаша бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу