Жасуша биологиясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мембрана құрылысының бірнеше модельдері бар. Қазіргі кезде Сингера және Николсонның «сұйық - мозайкалы» моделі қолданылуда. Бұл ғалымдардың айтуынша мембранадағы липид молекуласы биқабат түзеді. Түзілген липидті биқабатта белок молекуласы жүзіп жүреді. Белок молекуласының әр түрлі деңгейде енуі нәтижесінде, ерекще мозайка түзіледі, сондықтан модельдің аталуы осыған байланысты Биологиялық мембрананың келесі қағидалары белгілі: Клетка мембранасының қалыңдығы 5 – 10 нм. 2. Мембрана – бұл липопротеинді құрылым, липидтердің және белоктардың сыртқы жағына көмірсу компоненттері бекінеді. 3. Липидтер спонтанды биқабат түзеді және олардың полярлы басы мен полярсыз құйрықтары болады. 4. Мембраналық белоктар әртүрлі қызметтерді атқарады. 5. Көмірсу компоненттері, мембрана үстінде комплекс түзеді, олар гликокаликс деп аталады және сезіну механизміне қатысады |
Жасуша мембранасының құрлысы мен атқаратын қызметі өте күрделі.Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жәңе жануар жасушасы (клетчатка) мембранасының құрылысы толықтай анықталды. Өсімдік жасушасы мембранасының жасұнықтан (клечатка) тұратындығы және оның тірек қызметін атқаратындығы дәлелденді. Жануарлар жасушасының мембранасы үш қабаттан тұрады. Ішкі және сыртқы қабаттары нәруыз (белок) молекулаларынан, ал ортанғы қабаты екі қатар фосфолипид молекуласынан тұрады. Жануарлар жасушасының сыртқы қабықшасы жұмсақ, созылғыш келеді, ол гликокаликс молекуласынан түзеледі, ал ішкі қабаты көпіршік түрінде болады да,құрамындағы заттарды цитоплазмалардан ажыратады. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабатын плазмалемма немесе плазмалық мембрана құрайды.Плазмалемма өте жұқа, оның сыртқы беті көмірсулардан, ішкі жағы қалың нәруыз молекуласынан тұрады. Жасуша тіршілігінде плазмалемма өткізгіштік, тасымалдау, қорғаныштық және т.б. қызметтер атқарады. Сыртқы ортадан жасушаға су, әр түрлі иондар және т.б.молекулалар плазмалемма арқылы өтеді немесе керісінше одан шығады. |
Мембрана липидтері сұйық және борпылдақ жағдайда болады. Сұйық мембрана жағдайы– тасымалдау және байланысуды қамтамасыз етеді. Липидті биқабат өзіндік жиналу, жартылай сіңіру және диэлектронды қасиеттерге жауап береді. Өзіндік жинақталу, зақымдалған клетка мембранасын қалпына келтіреді, ал диэлектронды қасиет зарядтармен қамтамасыз етеді. Сондықтан мембрананың ішкі және сыртқы қабатындағы потенциал әртүрлі болады. Бұл мембрана потенциалы деп аталады. Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі – бұл тасымалдау болып табылады. Мембрана арқылы тасымалданудың 4 түрі белгілі, олардың екеуі белсенді және екеуі белсенсіз. Белсенді тасымалдану, энергияны қажет етеді, ал белсенсіз тасымалдану, энергияны қажет етпейді. Плазмалық мембрана арқылы тасымалданудың қарапайым түрі: осмос және су диффузиясы. Егер диффузияланатын заттың молекулалары басқа молекулалармен кешен жасамай қозғалса, ондай диффузияны қарапайым диффузия дейді.Одан басқа жеңілденген және алмасу диффузиясы бар. Жеңілденген диффузия тасымалдағыш молекулалардың қатынасуымен болады. Тасымалдағыш заттың Х молекуласы тасымалданатын заттың А молекуласымен қосылып бір кешен АХ құрайды. АХ кешені жасушаға қарай диффузияланады (15 а-сурет). Жасушада А молекулалары босайды, ал Х-қосалқы заттың молекуласы бастапқы орнына қайта оралып,басқа молекуламен қосылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру