ДНҚ құрылысы мен оның қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Молекулалық биология және биохимия | Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шаметов А.К. / Хегай Ж.С. | |||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | ДНҚ құрылысы мен оның қызметі | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты анықтау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын, антипараллель тізбек екендігін, мономерлері нуклеотидтер болып табылатындығын, құрамында төрт азоттық (пуриндік және пириминдік) негіздердің болатындығын, тұқым қуалаушылық ақпаратты тасымалдайтындығын біледі. Көпшілік оқушылар: ДНҚ молекуласының жұп нуклеотидтердің қос спиралі құрылымын сипаттай алады: комплементарлық ережесі. Кейбір оқушылар: ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты репликация мысалында түсіндіріп бере алады, кейбір оқушылар Мезельсон мен Стальдің тәжірибесін түсіндіріп бере алады (саралауды жүзеге асыру) | |||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: ДНҚ барлық тірі ағзалардың ... болып табылады. Х - ДНҚ молекуласының мономерлері болып табылады. Бірінші тізбектегі ... барлық уақытта екінші тізбектегі тиминге, ал гуанин ... комплементарлы. ДНҚ молекуласы .... қос тізбектен тұрады. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Білімді қолдану. Талдау және және зерттеу дағдылары | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия – азоттық негіздер арасындағы сутектік байланыстар, ДНҚ – химиялық макромолекула болып табылады. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылардың білімдерін бағалау; Оқу мен оқытуды жүзеге асыру | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы | Мәселе сұрақтар қою арқылы оқушылардың оқуға зейіндерін шоғырландыру «ДНҚ дегенеміз не?» сұрақ үшін: Мұғалім: Біз барлығымыз пілден кішкентай пілдің, керіктен керіктің, ал иттен иттің туылатындығын жақсы білеміз. Дәл осылай табиғатта барлық организмдер тек өздеріне ұқсас ұрпақ береді. Бірақ, неліктен ол осылай болады? Оқушылардың жауаптары: Жауап дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) деп аталатын молекула негізінде жатыр, әрбір түрде әмбебап ететін биологиялық нұсқаулықтар жатыр. ДНҚ өзіндегі нұсқаулықтармен бірге көбею кезінде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Мұғалім: Осы ДНҚ молекуласы қайдан табылған? Оқушылардың жауабы: Эукариоттар деп аталатын организмдерде ядро деп аталатын бөлігі болады, міне ДНҚ соның ішінен табылған. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын және жетістік критерийлерін таныстыру | Презентация | ||||||||||||
Сабақтың ортасы | (T) Презентация бойынша жаңа тақырыпты түсіндіріңіз (I) (f) Үштілділікті жүзеге асыру үшін ДНҚ құрылысы туралы қысқа бағалау жұмысы жүргізіледі. Қосымша 1. Оқушылар алдымен жеке орындасын, сосын өзара бағалауды жүзеге асыру үшін жұбымен тексерсін. Толық дұрыс жауапқа қол жеткізу үшін бүкіл сыныптың жауабын естіңіз немесе өзіңіз дұрыс жауапты айтып тұрыңыз, оқушыларын өзіндік тексеруді жүзеге асырсын. (G) (f) Топтан ДНҚ 3D моделін жасауды сұраңыз. Сонымен бірге оқушыларға ДНҚ репликациясы, Сталь мен Мезельсонның зерттеулері туралы ақпарат қағазын беріңіз. Оқушыларға бірнеше ДНҚ үлгісін жасаудың түрлерін көрсетіңіз. Қажетті материалдарды оқушыларға алдын-ала айтыңыз. Егер материалдар жеткіліксіз болса, онда Еңбек немесе сурет сабағымен кіріктіре отырып ұйымдастырсаңыз болады. Оқушылар жұпта жұмыс жасауы керек. Оқушыларға критерийлерді ұсыныңыз. Бастылары: Азоттық негіздердің жұптасуы Антипараллельді қос спиральді тізбек Оқушылар ДНҚ үлгісін жасап бітірген соң, Сталь мен Мезельсонның тәжірибесін сыныпқа түсіндіріп беретін еріктіні сұраңыз. | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Оқушылардың бір-бірінің жұмысына кері байланыс берулерін сұраңыз. | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | ||||||||||||||
Қабілеті төмен оқушыларға мүмкіндігінше жеке түсіндіру Тірек сөздер ұсыну Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беру | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру