АТФ-тың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2В Тыныс алу

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

АТФ-тың құрылысы мен қызметі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • АТФ-тың құрылысын талдай алады;
  • АТФ-ның қызметінің маңызын түсінеді;

 Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар АТФ-тың құрылысын, АТФ-тың қызметін біледі.

Көпшілік оқушылар АТФ-ның құрылысы мен қызметін байланыстыра алады;

Кейбір оқушылар АТФ-тың жасушалық тыныс алудағы маңыздылығын түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсаттар:

АТФ тың құрылысы мен қызметін сипаттайтын видеоны ағылшын тілінде қарап түсінеді. Терминдерді қолдана алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Азотты негіз, аденин, пентоза, рибоза, 3 атомды фосфор қышқылының қалдығы, АТФ, АДФ,АМФ,энергия, электрон, нуклейн қышқылдары,биохимиялық реакциялар,гидролиз,хлоропласт, митохондрия,цитоплазма, ядро.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

X Y-ке бөлінеді

X …. қалыптастыру үшін қолданылады

X және Y өндіріледі.

X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі

X көшеді

Y бөлініп шығарылады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, ашықтық,

 Пәнаралық байланыстар

Химия. Цитология

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламторды еркін пайдалану, ноутбук, ИТ

Бастапқы білім

7,8,9 сынып –Тыныс алу, зат алмасу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Ой қозғау: Шар-стержинді модельдерді қолдану арқылы (химия кабинетінен алынған) немесе пластилинді, сазды және таяқшаларды қолдану арқылы ДНҚ -ның молекулалық құрылымын құрастыру.

Сұрақ: Тағы да осындай құрылымыды заттар бізге таныс па?

Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. «АТФ құрылысы мен қызметі» Сабақтың тақырыбына сүйене отырып, оқушылар жұппен талқылап, сабақ мақсатына шығады.

4-10 мин

Жұптық жұмыс: «Баспалдақ» ойын әдісін қолдану

А) Оқушыларға АТФ-ның құрылысы мен қызметі туралы видео қаратыңыз немесе АТФ молекуласының қызметін қысқаша сипаттайтын және мысалдары бар ресурспен танысуды сұраңыз.

Б) Оқушыларға АТФ моделін құрастыруды ұсыныңыз.

Оқушылар моделін құрастырып, модельде не бейнеленгені туралы өз ойларын сипаттайды.

https://www.youtube.com/watch?v=eYQccBgVLvU

ИТ

Сабақтың ортасы

10-30 мин

30-39 мин

(Т) Оқушыларға АТФ-АДФ –АМФ құрылымын модельдеуге және макроэнергиялық байланыстардың түзілу ерекшеліктерін сипаттауға ұсыныс жасаңыз.

(Жж) (Қ) Оқушыларға мұғалім ұсынған немесе қосымша ақпарат көздерін қолданып, АТФ құрылысы мен қызметін көрсететін кластерді құрастыруды ұсыныңыз. Қызметін қызыл түспен белгілету.

Бағалау критерийлері:

  • АТФ-тың құрылысын жазу;
  • АТФ-тың қызметін;
  • АТФ, АДФ, АМФ ерекшеліктері

Миға шабуыл:

АТФ жасушадағы тұрақты энергия көзі. Оның қызметін аккумулятормен салыстыруға болады. Неліктен, түсіндіріңіз.

Жеке жұмыс:

ҚБ . Төменде берілген суретті қолданып, АТФ молекуласының құрам бөліктері мен өзгерістерін 1-5 ке дейінгі сандар бойынша жазыңыз

2 тапсырма : АТФ-ның жасушадағы қызметіне екі мысал келтіріңіз

Дискриптор:

  • І құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • ІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • ІІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • 1- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 2- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 3- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 4- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 5- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл
  • АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл

Сергіту сәті:

АТФ туралы қызықты фактілер.

  • Жасушаның жалпы массасының 0,04 % ын АТФ құрайды. Әйтсе де ең маңыздысы бұлшықет жасушаларында олардың 0,2-0,5 % болуында.
  • Әр молекула 1 минут тіршілік етеді.
  • АТФ-ның 1 молекуласы тәулігіне 2400 рет жаңартылады
  • Тәулігіне адам ағзасы 40 кг АТФ-ын синтездейді және кез келген уақытта АТФ-ның қоры 250 грамм.

(Т)(Қб) Оқушыларға АТФ энергиясының жұмсалуымен жүретін үдерістерге мысал келтіруді (кем дегенде 3 мысал) және АТФ қызметін сипаттауын сұраңыз.

Оқушылардың кейбірі АТФ қатысатын реакциялардың анимациясын құрастыра алады.

Оқушыларға тірі организмнің минимум бір сипаттамасының мысалалын қосуға ұсыныс жасау арқылы тапсырманы күрделендіруге болады(қозғалыс, тыныс алу, экскреция, қоректену) және бес патшалықтан бір мысалдан келтіруге болады.

Кейбір оқушылар үшін дамыту тапсырмасы:

АТФ-ын ДНҚ және РНҚ –мен салыстырыңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

«Кахот» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру https://kahoot.it/

Өзара бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

«қызыл» - көмек қажет;

«сары» - түсінген, дегенмен әлі де сұрақтары бар;

«жасыл» - барлығын түсінген.

ИТ

Қосымша дидактикалық ақпарат

АТФ суреті

39-40 мин

Рефлексия:

Сөйлемді аяқтаңыз:

“Сабақта алынған білім маған ………………… қажет.

Мен ……………………туралы пайдалы ақпарат алдым.

Рефлексия парақшалары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушыларға қолдау көрсету «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арқылы іске асырылады. Жұппен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірлеріне қажетті көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша ақпарат таратып, түсіндіреді. Қабілеті жоғары оқушыларға саралау тапсырмалары таратылады.

Бүгінгі сабақта оқушылардың жұмысын бағалау «оқушы-оқушы» стратегиясы арқылы іске асады.

Сабақ басында ұжымдық орта құру мақсатында бесенді ойын жүзеге асырылады. Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін ноутбук пен ИТ жұмыс жасау уақытын шектеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Барлық оқушылар энергия алмасудың кезеңдерін біледі. Көпшілік оқушылар жасушалық тыныс алу үрдісін сипаттап түсіндіреді. Кейбір оқушылар гликолиз, метаболизм жолдарын талдайды. Сабақтың уақыты, кезеңдері сақталды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу