Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

  • Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Қанның агглютинациясын сипаттайды;
  • Резус-конфликт механизмін түсіндіреді
  • қанды дұрыс құймаудың зардаптарын, ана мен бала үшін резус-конфликттің қауіп-қатерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

қан топтарының ерекшеліктері және қан құю ережелерін ауызша түсіндіре алады

агглютинация және резус конфликт механизмдерін тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады

қан жасушасының аннотациялық сызбасын жасай алады, онда белгілеулер құрылым мен қызметтер арасындағы байланысты көрсетеді

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қан топтары, донор, реципиент, әмбебап донор, агглютиноген, агглютинин, резус-фактор, резус-конфликт, аглютинация, Анти A, Анти B.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Аглютиноген ...болады

Аглютинин ...кездеседі

Резус фактор...болуына байланысты оң немесе теріс болады

Резус конфликт...жағдайда туындайды

Қан беруші ...деп аталады

Қан қабылдаушы ...деп аталады

Егерде А антигені мен α ....... немесе В антигені мен β антиденесі кездесетін болса, құйылған қандағы ....... желімденіп қан ұюы болады. Қан тобы адамдарда ............ топқа бөлінеді.

 Құндылықтарды дарыту

донорлықтың адам өмірін сақтаудағы маңызын түсіну арқылы жаһандық азаматтық құндылығына сілтеме жасалады.

 Пәнаралық байланыс

Эритроцит мембранасындағы нәруыздарды талдау, қан топтарының нәруыздық сәйкестігі туралы, коагуляция ұғымын қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Барлық әскери қызметкерлер, дәрігерлер және қауіп-қатерлі жерлерде жұмыс істейтін адамдардың құжаттарында, сырт киімінің кеуде тұсында қан топтары, резус-факторлары жазылып тұрады. Неліктен? сұрағы талқыланады.

Оқушылардың қан топтары жайлы жауабы тыңдалып сабақтың тақырыбы ашылады.

Қан топтары сай келмейтін болса не болады?

сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарына тоқталып, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушыларға антигені немесе агглютогені бар эритроциттер мен антидене немесе агглютинині бар плазманың сызбасын беріп, олардың айырмашылықтары мен өзара байланысын анықтау тапсырмасы ұсынылады. Әр топ немесе жұп оқушылары талдап түсіндіреді. Мұғалім кері байланыс ұсынады.

Оқушылар топтарына суретте көрсетілген үлгіге сәйкес тек бір қан тобына сай келетін антигені бар эритроциттер мен антиденелер қималарын әзірлеу тапсырылады.

Критерий:

  • Қанның агглютинациясын сипаттайды;
  • Резус-конфликт механизмін түсіндіреді

Әр топ қималарының көмегімен әрбір қан тобын сипаттайды.

Топтар қималарды қосып, әртүрлі топтардың арасында агглютинацияның және резус-конфликтінің жүруін көрсетіп түсіндіреді. Кейбір оқушыларға «Резус-фактор» видеоматериалын қарауды ұсынуға болады.

Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынып,

қан құю ережесін білуде осы жеткілікті бола ма? Қан құюда тағы нені ескеру дұрыс деп талқылау жүргізеді.

2 - қосымша

түрлі-түсті қағаз, қайшы, лего бөлшектері т.б

3-10 слайдтар

17-27 мин

Оқушыларға қан құю сызбасы көрсетіліп, қандай қан тобына қандай тобының қаны сай келетіндігін анықтап кесте толтыру тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушыларға «Қан құю» видеоматериалын қарауды ұсынуға болады.

Критерий:

  • қанды дұрыс құймаудың зардаптарын, ана мен бала үшін резус-конфликттің қауіп-қатерін түсіндіреді

Дескрипторлар:

  • Қан топтарының сәйкестігін анықтайды
  • Қан құю ережесін түсіндіреді
  • Резус-конфликтінің алдын алу жолдарын түсіндіреді

Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынады.

10- слайд

2- қосымша

27-36 мин

Оқушыларға бекіту тапсырмаларын орындау ұсынылады.

Кейбір оқушыларға әмбебап донор мен амбебап реципиентті анықтау тапсырмасы беріледі.

3- қосымша

11-слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

1-Мен бүгінгі сабақта... түсінбедім, көңіл күйім нашар болды.

2-Мен бүгінгі сабақта .... жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды.

3-Мен бүгінгі сабақта.... жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды.

Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

12- слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Агглютинация мен резус – конфликт көрсету үшін эритроциттер мен плазманы үлгілеу кезінде әр оқушыда өз қабілеттері мен деңгейіне сай жұмыстау мүмкіндігі болады

Үлгіде агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін сипаттағанда оқушылар өз білімдерін түрлі жолмен көрсете алады

Кейбір оқушыларға сызбалар мен ақпараттық парақшалар, бағыттаушы сұрақтар түрінде көмек көрсетіледі

Қосымша сұрақтарды талқылауда саралау жүзеге асырылады

Қан құю сызбасын талдауда оқушы өз білімі мен ойларына сүйеніп қорытынды жасай алады

Қосымша тапсырмалар саралауды қолдайды

Кейбір оқушыларға әмбебап донор мен әмбебап реципиентті анықтау тапсырмасы арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша жауаптары

Қан тобының сызбасын талдауы, түсіндіруі

Агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін көрсету үшін эритроциттер мен плазманы үлгілеу

Үлгіде агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін үлгіде сипаттау

Бекіту тапсырмасын орындауы арқылы

Қосымша сұрақтарды талқылау арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу