Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: қан топтарының ерекшеліктері және қан құю ережелерін ауызша түсіндіре алады агглютинация және резус конфликт механизмдерін тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады қан жасушасының аннотациялық сызбасын жасай алады, онда белгілеулер құрылым мен қызметтер арасындағы байланысты көрсетеді Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қан топтары, донор, реципиент, әмбебап донор, агглютиноген, агглютинин, резус-фактор, резус-конфликт, аглютинация, Анти A, Анти B.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Аглютиноген ...болады Аглютинин ...кездеседі Резус фактор...болуына байланысты оң немесе теріс болады Резус конфликт...жағдайда туындайды Қан беруші ...деп аталады Қан қабылдаушы ...деп аталады Егерде А антигені мен α ....... немесе В антигені мен β антиденесі кездесетін болса, құйылған қандағы ....... желімденіп қан ұюы болады. Қан тобы адамдарда ............ топқа бөлінеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Донорлықтың адам өмірін сақтаудағы маңызын түсіну арқылы жаһандық азаматтық құндылығына сілтеме жасалады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Эритроцит мембранасындағы антиген және плазмадағы антидененің нәруыздық табиғаты, қан топтарының нәруыздық сәйкестігін қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан макромолекулаларды құрайтын элементтер, 8-сыныптан нәруыздың ерекшеліктері, түрлері, қызметтері, ағзаның ішкі ортасы, қанның құрамы, плазма нәруыздары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Мұғалім: Ертеде адамдар қанның тіршілік үшін маңызды екенін білді, сондықтан оны «емдік сусын» деп атады. Ауру адамдарға жануарлардың немесе адамдардың қанын ішуге берді. Әрине мұндай «емнен» ешқандай нәтиже шықпады. ХVII ғасырда Гарвей қан айналу заңдылықтарын ашқаннан кейін, қан тамырларына қан құю идеясы пайда болды.1667ж. Францияда дәрігерлер Дени мен Эммерез алғаш рет көп мөлшерде қан жоғалтқан ауыр халдегі баланың қан тамырына қозының қанын құйды. 1919ж Англияда алғашқы рет адамның қанын адамға құйып көрді. Бірақ қан құю бірде өмір ді сақтап қалса, көп жағдайда өлімге әкелді. Қалай ойлайсыздар неліктен қан құю бір жағдайда көмектесті, енді бірде өлімге әкелді? Оқушылардың қан топтары жайлы жауабы тыңдалып сабақтың тақырыбы ашылады. Мұғалім: Осы сұраққа 1901 жылы ғалым Эрлих пен оның шәкірті Карл Ландштейнер жауап берді ,олар қанның 1,2,3 тобын ашса, ал чех ғалымы Я.Янский 4-ші топты ашты. Сонымен жер бетіндегі адамдарда 4түрлі қан тобы болады. Олардың айырмашылықтары неде, қан топтарын қандай принцип бойынша бөледі? сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарына тоқталып, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
5-16 мин | Оқушыларға қан топтарының сәйкестігін анықтау тәжірибесін жасау тапсырмасы ұсынылады.
Кестедегі нәтижеге қарап қан құю сызбасын сызып, қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынып, қан құю ережесін білуде осы жеткілікті бола ма? Қан құюда тағы нені ескеру дұрыс деп талқылау жүргізеді. Критерий:
| 2 - қосымша 16 сынауық, су -200мл, қызыл, көк ас бояулары -1 дана, шыныға жазатын маркер 3-5 слайдтар | ||||
17-27 мин | Мұғалім қан топтары ылғи да бір-біріне сай келе бермейді екен, оның себебі неде екенін анықтап көрейік деп оқушыларға келесі тапсырманы ұсынады. Оқушылар ақпараттық парақша, сызба, «Резус-фактор» видеоматериалын пайдалана отырып, 4 түрлі қан тобын (эритроциттері мен плазмасындағы нәруыздарды) үлгілейді. Осы үлгілерге сүйене отырып, оқушылар агглютинация және резус-конфликт механизмдерін сипаттайды. Критерий:
| 6-11 слайд Ермексаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, лего бөлшектері т.б қолжетімді материалдар 1- қосымша | ||||
28-36 мин | Оқушыларға бекіту тапсырмаларын орындау ұсынылады. Кейбір оқушыларға 11-12 слайдтарды пайдалана отырып, әмбебап донор мен әмбебап реципиентті анықтау тапсырмасын ұсынуға болады. Кейбір оқушыларға төмендегі сұрақтарды талқылау ұсынылады.
Критерий:
Мұғалім: Қан топтары жайлы білім көпшілікке мәлім медициналық-тергеу саласында маңызды болып келеді: а) қылмыс орнындағы және заттардағы қан дақтарынан қан топтарын анықтау ә) әкелікті, аналықты анықтау б) жүктілік кезіндегі Rh конфликтіні анықтап алдын алу | 3- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс «Табысқа жету баспалдағы» 1-Мен бүгінгі сабақта... түсінбедім, көңіл күйім нашар болды. 2-Мен бүгінгі сабақта .... жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды 3-Мен бүгінгі сабақта.... жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды. Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | 12 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Қан құю сызбасын жасау үшін тәжірибе жасағанда оқушы өз білімі мен ойларына сүйеніп қорытынды жасай алады Қан топтарын үлгілеу кезінде әр оқушыда өз қабілеттері мен деңгейіне сай жұмыстау мүмкіндігі болады Үлгіде агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін сипаттағанда оқушылар өз білімдерін түрлі жолмен көрсете алады Кейбір оқушыларға сызбалар мен ақпараттық парақшалар, бағыттаушы сұрақтар түрінде көмек көрсетіледі Қосымша сұрақтарды талқылауда саралау жүзеге асырылады Деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсыну арқылы 3-қосымша Кейбір оқушылар 4-қосымшадағы сөздікті пайдаланып, ағылшынша терминологияны меңгеру арқылы Кейбір оқушыларға әмбебап донор мен әмбебап реципиентті анықтау тапсырмасын ұсыну арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптары Қан тобының сызбасын жасауы, түсіндіруі Агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін үлгілеу Үлгіде агглютинация мен резус – конфликт механизмдерін сипаттау Бекіту тапсырмасын орындауы арқылы Қосымша сұрақтарды талқылау арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу. Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру