Қоректік тізбек. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні:

Бөлім

7.1A: Биосфера және экожүйе

Оқу мақсаты

Қоректік тізбек сызбасын пайдаланып продуценттер, консументтер мен редуценттерді анықтау

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну

Бағалау критерийі

  • Әр түрлі мекен ету ортасына байланысты қоректік тізбек құрай алады.
  • Жағдайаттық сұрақтарға сыни шешімдерді таба алады;
  • Продуценттер, консументтер, редуценттерге жататын ағзаларды жіктей алады.

*** Жайылымдық және детриттік қоректік тізбекке мысал келтіре алады.

Тапсырма А.

  • Қоректік тізбек дегеніміз не? Жерүсті ауа және су тіршілік орталарының қоректік тізбегіне 2-3 мысал келтіріңіздер.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Ақ қоян, кәдімгі түлкі, бұғы, орман шөптері қандай қоректік деңгейге жатады?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Су экожүйесінің бірінші, екінші, үшінші қоректік деңгейлеріне жататын организмдерден 2-3 мысал келтіріңіздер.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма В.

  • 1-сі тұщы су қоймасының инфузориясынан, 2-сі бақбақ тұқымынан, 3-сі жоңышқадан, 4-сі масадан, 5-сі хламидомонада балдырынан басталатын 5 түрлі қоректік тізбектің барлығы адаммен аяқталуы тиіс.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Үш организмнен тұратын қоректік тізбек құрастырыңыздар. Бұл тізбектен продуцент- 1 реттік консумент-2 реттік консумент болатын организмдерді атаңыз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Саз тасбақасы -балық -маса -инелік дернәсілі -шаян –балдыр- қоғадан тұратын қоректік тізбек құрастырыңыздар.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • 1 қатардағы консументтерге жататын жануарларды атаңыздар.

сиыр, арыстан, амеба, өрмекші, қоян, тышқан, жасыл шегіртке, қаршыға, қаз, түлкі, шортан, киік, дала тасбақасы, жүзім ұлуы, дельфин, колорада қоңызы, сиыр цепені, капуста ақ көбелегінің жұлдызқұрты, ақ аю, ара, қан сорғыш маса, инелік, алма жемісжегілері, бит, сұр акула.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Шаруашылықта үлкен арық канал қазылып, ол сумен толтырылған. Оған қорексіз, бірден балықтар жіберіп, балықтардың санының өсуін күтуге бола ма?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Жер үсті ауа тіршілік орталарының қоректік торына мысал келтіріңіз. ....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма С.

 Төменде берілген ағзалардан жайылымдық және детриттік тізбек құрастырыңыз.

жасыл өсімдік, шөпқоректі жануар, жыртқыш, өлі органикалық зат (детрит), микроорганизмдер, (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қос жақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері), детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т.б.)

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әр түрлі мекен ету ортасына байланысты қоректік тізбек құрай алады.

Қоректік тізбек дегеніміз не? Жерүсті ауа және су тіршілік орталарының қоректік тізбегіне 2-3 мысал келтіріңіздер

Су экожүйесінің бірінші, екінші, үшінші қоректік деңгейлеріне жататын организмдерден 2-3 мысал келтіріңіздер

Жағдайаттық сұрақтарға сыни шешімдерді таба алады;

Шаруашылықта үлкен арық канал қазылып, ол сумен толтырылған. Оған қорексіз, бірден балықтар жіберіп, балықтардың санының өсуін күтуге бола ма

Продуценттер, консументтер, редуценттерге жататын ағзаларды жіктей алады.

1 қатардағы консументтерге жататын жануарларды атаңыздар.

Үш организмнен тұратын қоректік тізбек құрастырыңыздар. Бұл тізбектен продуцент- 1 реттік консумент-2 реттік консумент болатын организмдерді атаңыз

*** Жайылымдық және детриттік қоректік тізбекке мысал келтіре алады.

Төменде берілген ағзалардан жайылымдық және детриттік тізбек құрастырыңыз.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу