Логарифмдік теңсіздіктер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар - 1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Сынып: 11 | ||
Сабақ тақырыбы: | Логарифмдік теңсіздіктер | Жаңа тақырып | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.11 - логарифмдік теңсіздіктер мен жүйелерін шешуін біледі; | |||
Сабақ мақсаттары | - логарифмдік теңсіздіктердің негізгі түрлерін және олардың жүйелерін шеше алады. | |||
Бағалау критерийі | -Берілген теңсіздіктерді негізі бойыша шешу тәсілін анықтайды; - ММЖ ескереді; -Анықтама бойынша берілген логарифмдік теңсіздіктерді шеше алады; - Логарифмдік теңсіздіктерді потенциалдау тәсілімен шеше алады; - Логарифмдік теңсіздіктерді алмастыру тәсілімен шеше алады. | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: логарифмдік теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||
Құндылықтарды дарыту | Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы құндылықтарды бойларына дарыту жүзеге асады. | |||
АКТ қолдану дағдылары | ||||
Бастапқы білім | Алгебралық өрнектер және сызықтық пен квадраттық теңдеулердің шешімі | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру бөлімі 5 мин | Амандасу. Сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төменгі стратегияны өткіземін. Үй жұмысын тексеру, оқушылар дәптерлерді ауыстрады. Дайын жауаптарды өзара тексеру | Слайд 1 | ||
Сабақтың ортасы Білімді жаңарту Қайталау 5 мин | Стратегия CLIL «True or False» Өткен «Логарифм және оның қасиеттер» тақырыбы бойынша білімді жаңғырту мақсатында CLIL «True or False» стратегиясы қолданылады. Тапсырмалар презентация слайдтарында көрсетілген, оқушыларға «True or False» карточкалар таратылады. Бірінші тапсырмаға жауап берген соң, мұғалім бір оқушыны таңдап, берген берген жауабын талқылап, кері байланысты береді. Осылайша, барлық сұрақтарды талқылайды. 1) Кез келген а > 0 (а ≠ 1) және b, c оң сандары үшін: деген дұрыс па? Жауабы: Иә False Дұрыс жауап: , 2) Функцияның у = анықталуы обласы х > 1 деген дұрыс па? Жауабы: Иә True 3) Кез келген а > 0 (а ≠ 1) және b, c оң сандары үшін: , c ≠ 1; деген дұрыс па? Жауабы: Иә False Дұрыс жауап: , c ≠ 1; 4) Функцияның у = анықталуы обласы х < 3 деген дұрыс па? Жауабы: Жоқ, болмайды False Дұрыс жауап: Иә, болады 5) Кез келген а > 0 (а ≠ 1) және b, c оң сандары үшін: , b, m ϵ R; , n ϵ R, n ≠ 0 деген дұрыс па? Жауабы: Иә True | Слайд 2-6 | ||
Сабақтың тақырыбына шығу және мақсатын анықтау 3 мин Проблемалық сұрақ қою | Проблемалық сұрақ: Логарифмдік теңсіздіктерді шешіңіз: Сабақтың тақырыбы мен тапсырмалары оқушылардың жауаптарына негізделеді. Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады, сабақтың мақсатын анықтайды | Слайд 7-8 | ||
Жаңа тақырыпты ашу 10мин | Логарифмдік теңсіздіктер Логарифм таңбасының астында немесе оның негізінде айнымалысы бар теңсіздіктерді логарифмдік теңсіздіктер деп атайды. Логарифмдік теңсіздіктерді шешу барысында келесілерді есте сақтау керек:
Қарапайым теңсіздіктер: 1. егер , онда х > 4; 2. егер , онда х < 7; 3. егер , онда ММЖ: x > 0, 0 < x < 0,008. Қарапайым логарифмдік теңсіздіктер келесі түрде жазылады: > b, < b. Оларды былай шешуге болады: 1) Егер a > 1, онда f (x) > ab, теңсіздігін шешеміз. Егер 0 < a < 1, онда f (x) < ab, теңсіздігін шешеміз. Жауапты жазу кезінде ескеру қажет a > 0, a ≠ 1 и f (x) > 0. 2) Логарифмдік теңсіздіктерді салыстыру сызбасы: Логарифмдік теңсіздіктерді потенциалдау тәсілімен шешу Бұл әдістің мәні – теңсіздікті формулалардың көмегімен > түріне әкелу. > түріндегі теңсіздікті шешу y = (a > 0, a ≠ 1) функциясының 0 < a < 1 болғанда кемитініне және a > 1 болғанда өсетініне негізделеді. Сонымен мына тұжырымдар: 1. a > 1болғанда ≥ ⇔ 2. 0 < a < 1 болғанда ≥ ⇔ орындалады. Логарифмдеу тәсілі арқылы логарифмдік теңсіздіктерді шешу f (x) φ(x) > g(x) h(x) түріндегі теңсіздіктерді келесі сұлба бойынша шешеді:
| Bilimland https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/11-synyp Слайд 9-11 Таратым Қосымша 1 | ||
Жұптық жұмыс 10 мин | Жұптық жұмыста оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында белсенді әдістерді қолдану. «Сағат бойынша достар» стратегиясын қолдануды ұсынамын. Сағат 9, 12 және 15. Оқушымен осы әдіспен жұмыс істеу үшін алдын-ала циферблатты қағазға жұпқа шығарып алу ұсынылады, циферблатты әрбір оқушыға. Алдымен оқушылар бір-бірімен сойлесіп қай сағатта кездесетінін келіседі. Бір оқушымен 9 да, екіншісімен 12 де, келесімен 15 те кездесуі мүмкін. Осыдан кейін мұғалім бір уақытты айтады (мысалы сағат 9), содан оқушылар жұптасып отыра қалады да сол уақыттағы есептерді шығарады. Мұғалім оқушыларды тексеріп, кері байланысты беріп келесі уақытты айтады. Енді келесі уақытта басқа жұппен отырып есеп шығарады. Осылай үш рет қайталанып, есептердің дұрыс бұрыстығын бір-бірін тексереді. 9-00-ге тапсырма Логарифмдік теңсіздіктерді шешіңіз: a) ; b) Жауабы: a) (-2;7) b) (0,25; 2,75] Дескрипторлар: Логарифмдік теңсіздіктерді шешу тәсілдерін біледі Логарифмдік теңсіздіктерді шешу тәсілін дұрыс таңдайды ММЖ ескереді; Логарифмдік теңсіздіктерді анықтама бойынша шешеді 12-00-ге тапсырма a) b) Жауабы: a) (4;+∞) b) (0,75; 2] Дескрипторлар: Логарифмдік теңсіздіктерді шығару тәсілдерін біледі; ММЖ ескереді; Таңдаған тәсілдің алгоритмін біледі; Логарифмдік теңсіздіктерді потенциалдау тәсілімен шешеді. 15-00-ге тапсырма Теңсіздік жүйесін шешіңіз Жауабы: [2; 3) Дескрипторлар: - Әр теңсіздікті жеке-жеке шешіп алады; - ММЖ ескереді; - Шешімдердің қиылысуын табады. Әр жұп өз-өзінің тексереді | Циферблат Үлестірме Қосымша 2 | ||
Жеке жұмыс 10 мин | Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргіземін. Қосымша 3 те бірінші және екінші қалыптастырушы бағалаулар бар. Оқушылар өз деңгейіне байланысты тапсырмаларды таңдайды. ҚБ 1 1 тапсырма Теңсіздікті шешіңіз: Жауабы: (-2.5;-0.5)(0;2) Дескриптор: Оқушы - Логарифмдік теңсіздікті шығару тәсілін біледі; - ММЖ ескереді; - Таңдаған тәсілдің алгоритмін біледі; - Логарифмдік теңсіздікті анықтама бойынша шешеді. 2 тапсырма Теңсіздікті шешіңіз: Жауабы: Дескриптор: Оқушы - Логарифмдік теңсіздікті шығару тәсілін біледі; - ММЖ ескереді; - Таңдаған тәсілдің алгоритмін біледі; - Логарифмдік теңсіздікті алмастыру тәсілімен шешеді. 3 тапсырма Теңсіздік жүйесін шешіңіз Жауабы: (-; 0) Дескриптор: Оқушы - Әр теңсіздікті жеке-жеке шешіп алады; - ММЖ ескереді; - Шешімдердің қиылысуын табады. ҚБ 2 1 тапсырма Теңсіздікті шешіңіз: Жауабы: (-2; -1)U(2; 3) Дескриптор: Оқушы - Логарифмдік теңсіздікті шығару тәсілін біледі; - ММЖ ескереді; - Таңдаған тәсілдің алгоритмін біледі; - Логарифмдік теңсіздікті анықтама бойынша шешеді. 2 тапсырма Теңсіздікті шешіңіз: Жауабы: (0,04;5) Дескриптор: Оқушы - Логарифмдік теңсіздікті шығару тәсілін біледі; - ММЖ ескереді; - Таңдаған тәсілдің алгоритмін біледі; - Логарифмдік теңсіздікті алмастыру тәсілімен шешеді. 3 тапсырма Теңсіздік жүйесін шешіңіз Жауабы: Дескриптор: Оқушы - Әр теңсіздікті жеке-жеке шешіп алады; - ММЖ ескереді; - Шешімдердің қиылысуын табады. Дайын жауаптары бойынща өздерін тексереді. | Үлестірме Қосымша 3 | ||
Рефлексия 2 мин | «Бес саусақ» әдісі арқылы 1. Маған ұнағаны 2. Маған қиындық тудырған 3. Мен үшін маңызды ақпарат 4. Білгім келеді 5. Ұсынысым | Слайд 12 Қағаз А5 | ||
Үйге тапсырма беру 1 мин | 1 тапсырма. Теңсіздікті шешіңіз: a) b) c) d) Жауабы: a) (1; 2,5); b) (0; 1); c) (0,5; 1,5); d) (1; 3) 2 тапсырма. Теңсіздік жүйесін шешіңіз a) b) c) Жауабы: a) (0,001; 0,01)(10; +); b) (6; 10); c) (7;+) | Үлестірме Қосымша 4 | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқушыларды жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарды іріктеу кезінде және тапсырмаларды іріктеуде саралау әр түрлі болады. Жасырынды саралау уақытты ұтымды пайдалану мақсатында қолданылған. | Сабақта өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, ауызша бағалауды қолданамын | Іс әрекеттің белсенді түрлерін қолданамын. Сабақ барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру