Логарифмдік теңсіздіктер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Логарифмдік теңсіздіктер | ||||||
Cабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.7 логарифмдік теңсіздіктерді шеше алады; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Логарифмдік теңсіздік және оны шешу жайлы ой-толғаулар жүргізеді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Логарифмдік теңсіздік, теңсіздік шешімі, бөгде шешім, бос жиын Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Көрсеткішті/логарифмді теңдеуді шештім Көрсеткішті/логарифмді теңсіздікті шештім | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикада радиоактивті ыдырау | ||||||
Бастапқы білім | Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және сызықтық және квадраттық теңдеулерді сенімді шешу. қарапайым көрсеткіштік теңдеулерді шешу. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-3 3-7 |
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.
Мұғалім оқушыларға теориялық материалды қайталауға ықпал ететін сұрақтар қояды.
Оқушылар қасиеттерді дәптерлеріне жазады, кейін мұғалім кейбір оқушылардан оларды ауызша айтуларын сұрайды. Сол кезде мұғалім оқушылардың математикалық тілді дұрыс қолдануына назар аударады, қажет болған жағдайда қателерін сыныптан сұрау арқылы түзетеді. Бағалау критерийлері:
| Презентация Слайд 1-4 Презентация Слайд 5 | |||||
Сабақтың ортасы
8 - 15 16-19 20-38 | Топтық тапсырма Мұғалім сыныпты екі топқа бөлу арқылы 1-ші топқа а>1 , ал 2-ші топқа 0<а<1 болатын жағдайды топта талқылауға ұсынады: Талқылаудан соң мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды, оқушылар тұжырымдарын сыныпқа баяндайды және мұғалім дұрыс жауабын тақтада көрсетеді
Бағалау критерийлері:
Мұғалім оқушыларға тапсырма беріледі: түріндегі теңсіздікті қалай шешеміз. Мысал келтіріңіз. Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім оларды бағалайды, содан кейін мысалдарды көрсетеді Бағалау критерийлері:
Жеке жұмыс. Оқушыларға өз бетімен шығаруға тапсырмалар беріледі: міндетті және күрделі деңгей. Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды, қажетінше мұғалім көмек көрсете алады. Орындау аяқталғаннан кейін мұғалім оқушы жұмыстарын бағалайды, сыныппен бірге типтік қателерді талдайды. Міндетті деңгей Бағалау критерийлері:
Күрделі деңгей Бағалау критерийлері:
| Презентация Слайд 6 - 7 Презентация Слайд 8 Қосымша 1 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 |
Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: Келесі тұжырымдарды толықтырыңыз:
| Презентация Слайд 9 Стикерлер | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. Жеке жұмыс кезінде оқушыларға міндетті және күрделі деңгейлердегі тапсырмалар ұсынылады. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру