Логарифмдік теңсіздіктер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Логарифмдік теңсіздіктер

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.7 логарифмдік теңсіздіктерді шеше алады;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • Логарифмдік теңсіздіктерді шешуді үйренеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Логарифмдік теңсіздіктерді шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Логарифмдік теңсіздік және оны шешу жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Логарифмдік теңсіздік, теңсіздік шешімі, бөгде шешім, бос жиын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Көрсеткішті/логарифмді теңдеуді шештім

Көрсеткішті/логарифмді теңсіздікті шештім

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

Пәнаралық байланыстар

Физикада радиоактивті ыдырау

Бастапқы білім

Алгебралық формулалармен сенімді жұмыс жасау және сызықтық және квадраттық теңдеулерді сенімді шешу. қарапайым көрсеткіштік теңдеулерді шешу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-7

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.

  • Сауалнама.

Мұғалім оқушыларға теориялық материалды қайталауға ықпал ететін сұрақтар қояды.

  • Логарифмдік функция анықтамасы.
  • Логарифмдік функция анықталу облысы.
  • Логарифмдік функция мәндер облысы.
  • Егер а>1 болса, онда функциясы ... болады
  • Егер 0<а<1 болса, онда функциясы ... болады.

Оқушылар қасиеттерді дәптерлеріне жазады, кейін мұғалім кейбір оқушылардан оларды ауызша айтуларын сұрайды. Сол кезде мұғалім оқушылардың математикалық тілді дұрыс қолдануына назар аударады, қажет болған жағдайда қателерін сыныптан сұрау арқылы түзетеді.

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функцияның анықтамасын біледі;
  • Логарифмдік функцияның анықталу мен мәндер облысын біледі;
  • Логарифмдік функцияның монотондылық қасиетін біледі

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

8 - 15

16-22

23-38

Жұптық тапсырма

Мұғалім сыныптағы оқушыларды жұпқа топтастырып, келесі тапсырмаларды ұсынады.

Тапсырма аяқталғаннан соң тақтадағы дұрыс жауап арқылы оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері:

  • Көрсеткіштік функцияның монотондылық қасиетін дұрыс қолданады;
  • Логарифмдік функцияның монотондылық қасиетін дұрыс қолданады;

Топтық тапсырма.

Мұғалім оқушыларға топта жұмыс жасауға тапсырма ұсынады:

а айнымалысының қандай мәндерінде келесі теңсіздіктер дұрыс болады?

1 топ

2 топ.

Оқушылар топта жұмыс жасайды. Жұмыс аяқталған кезде топтар өзара бағалау жүргізеді бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік функцияның монотондылық қасиетін дұрыс қолданады;
  • а айнымалысының мәндерін дұрыс табады

Жеке жұмыс.

Оқушыларға өз бетімен шығаруға тапсырмалар беріледі: міндетті және күрделі деңгей.

Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды, қажетінше мұғалім көмек көрсете алады. Орындау аяқталғаннан кейін мұғалім оқушы жұмыстарын бағалайды, сыныппен бірге типтік қателерді талдайды.

Міндетті деңгей

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік теңсіздіктерді дұрыс шешеді;

Күрделі деңгей

Бағалау критерийлері:

  • Логарифмдік теңсіздіктерді дұрыс шешеді;

Презентация

Слайд 5 - 6

Презентация

Слайд 7

Қосымша 1

Сабақтың соңы

38-40

  • Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Келесі тұжырымдарды толықтырыңыз:

  • Бүгін мен білдім...
  • Қызықты болды ...
  • Қиын болды ...
  • Мен ... тапсырмаларын орындадым
  • Енді мен ... істей аламын.

Презентация

Слайд 8

Стикерлер

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу