Дәрежелік функция және оның графигі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2А бөлім:

Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәрежелік функция және оның графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу, дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;

Сабақ мақсаттары

Дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салады.

Бағалау критерийлері

  • Қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x+а) функциясының графигін салады;

  • Қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x)+в функциясының графигін салады;

  • Қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x+а) +в функциясының графигін

салады.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша лексика және терминология

бүтін көрсеткішті дәрежелік функция;

бүтін көрсеткішті дәрежелік функцияның графигі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • функцияның графигін «оқиды», демек функцияның қасиеттерін оның графигі бойынша сипаттайды;

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы

https://www.desmos.com/calculator

http://festival.1september.ru/articles/549580/

http://specclass.ru/v0041_alg11_koren_nnoi_stepeni_primery/

Бастапқы білім

нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу, дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Ұйымдастыру

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сабақ мақсаттарын анықтау;

- бағалау критерийлерін қалыптастыруға баса назар аудару

  • Үй жұмысын тексеру

Сабақтың ортасы

10минут

ЖЖ

10минут

3минут

10минут

Қайталау

1)Нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасы;

2) Төменде көрсеткіші қандай сан болатын функция графигі берілген:

Жауабы: 1.Көрсеткіші жұп натурал сан болатын дәрежелік функция графигі.

  • Көрсеткіші тақ натурал сан болатын дәрежелік функция графигі.
  • Көрсеткіші жұп бүтін сан болатын дәрежелік функция графигі.
  • Көрсеткіші тақ бүтін сан болатын дәрежелік функция графигі.
  • Көрсеткіші оң бөлшек сан болатын дәрежелік функция графигі.
  • Көрсеткіші теріс бөлшек сан болатын дәрежелік функция графигі.

3) y=x2 функциясының графигінен қарапайым түрлендіруді қолданып,

а) y=(x-3)2;

б) y=x2 +2 ;

в) y=(x+3)2 -2 функцияларының графиктерін қалай алуға болады?

Cұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылармен қалған оқушылардан жұп құру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 1

Қарапайым түрлендіруді қолданып, y=f(x+а), y=f(x)+в функциясының графигін салыңдар. Графикті қолданып, функцияға сипаттама беріңдер.

Дескриптор: Оқушы

  • y=f(x) функциясының графигін салады;
  • y=f(x) функциясының графигіне қарапайым түрлендіруді қолданады,
  • функцияға сипаттама береді

Тапсырма 2

Қарапайым түрлендіруді қолданып, y=f(x+а) +в функциясының графигін салыңдар. Графикті қолданып, функцияға сипаттама беріңдер.

Дескриптор: Оқушы

  • y=f(x) функциясының графигін салады;
  • y=f(x) функциясының графигіне қарапайым түрлендіруді қолданады,
  • функцияға сипаттама береді

Жұптар орындалған жұмыстарын бір-бірімен алмастырып дескриптор бойынша тексереді, бағалайды

Тақтада:

Қарапайым түрлендіруді қолданып, y=к f(x) функциясының графигін салыңдар. Графикті қолданып, функцияға сипаттама беріңдер.

Дескриптор: Оқушы

  • y=f(x) функциясының графигін салады;
  • y=f(x) функциясының графигіне қарапайым түрлендіруді қолданады,
  • функцияға сипаттама береді

Жеке жұмыс:

Қарапайым түрлендіруді қолданып, берілген функциясының графигін салыңдар.

1) 2)

Бағалау

критерийі

Оқушы

  • y=f(x) функциясының графигін салады;
  • қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x+а) функциясының графигін салады;

  • қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x)+в функциясының графигін салады;

  • қарапайым түрлендіруді қолданып

y=f(x+а) +в функциясының графигін

салады.

Мордкович А.Г. Алгебра и начала математического анализа (10-11 кл., ч.2, баз.ур.)

Үлестірме материалдар

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

2 минут

1 Рефлексия:

Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.

Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

А.Е. Әбілқасымова,

К.Д. Шойынбеков,

З.Ә. Жұмағұлова

Алгебра және анализ бастамалары,

11 сынып оқулығы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу